Жіті коронарлы синдромда қолданылатын жиынтық:: аспирин-500мг, плавикс (клопидогрел)-300мг, беталок (метопролол)-1мг/мл, гепарин- 5тыс.ЕД/мл, изокет спрей, тропонил J- тест.
Ми қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын дәрілер. Ми қан айналымының ауытқуларына байланысты неврологилық, психикалық ауруларда, атеросклерозда, көз және құлақ ауруларында белгіленеді.
Қолданылатын дәрілер:
1. Ноотроптар: Пирацетам (Ноотропил) 0,2/0,4 таб. 20%-5мл амп, Энцефабол 0,1-0,2 драже, 200мл суспензия, Аминалон 0,25таб.
2. Ми тамырларындағы қан айналымын жақсартатын әртүрлі дәрілер: Циннаризин (Cinnarizine) (Стугерон) 25мг таб., Кавинтон (Cavinton) (Винпоцетин) 5/10мг таб; 0,5%-2мл амп, Нимодипин (Nimodipine) (Нимотоп) 30мг таб.; 10мг/50мл фл., Сермион 5, 10, 30мг таб.; 4мг флаконда еріткішімен, Танакан 40мг таб.; 40мг/мл- флаконда 30мл, Трентал (Trental) (Пентоксифиллин) 0,1/0,4 драже; 2% - 5мл амп., Церебролизин (Cerebrolysinum) 5%- 1мл бұлшықетке егуге; 5мл тамырға егуге, Актовегин (Actovegin) (Солкосерил-Solcoseryl) 80мг/2мл; 200мг/5мл, 400мг/10мл амп.; 5% крем, жағылма, 20% көзге жағатын гель; 0,2 драже, 10/20% -200мл инфузиялық сұйық, Цераксон 500/1000мг - 4мл бұлшықетке, көктамырға енгізуге; 30мл ішетін сұйық, Кортексин 10мг құрғақ зат ерітіп бұлшықетке салуға, Эуфиллин 0,15 таб.; 2,4% - 5мл амп, Никотин қышқылы 0,05 таб.; 1% - 1мл амп..
Гипотензивті дәрілер.
Гипотензивті дәрілер артериялық қан қысымын төмендету үшін белгіленеді.
Артериялық гипертензияда симпатикалық жүйке жүйесінің жұмысы көбейіп, жүрек жұмысының жиілеп артуы қан тамырларының жіңішкеруіне алып келеді. Артериялық қысымның көтерілуіне ағзада натрий иондарының көбеюі себеп. Бүйрек шумақтарында ренин клеткалары түзіліп Ангиотензин І-дің пайда болуына әсер етеді. Одан ол Ангиотензин ІІ-ге айналады және тамырларды тарылтып артериялық қысымды жоғарылатады.
Артериальды гипертензия - артериялық қысымның сынап бағанымен 140/90 мм көрсеткішінен тұрақты жоғарылауы. Елімізде халықтың 15-25%-ы артериалды гипертензия ауруымен ауырады.
Систолалық қысым сол жақ қарыншаның жиырылу кезіндегі қан көлеміне, қанның айдалу жылдамдығына, аортаның созылғыштығына (эластичность) байланысты.
Диастолалық қан қысымы жалпы шеткері тамырлардағы кедергіге (сопротивление), жүрек жиырылуының жиілігіне байланысты.
Артериалды гипертензия келесі аурулардың қауіп- қатер факторы болып есептеледі: жүректің ишемиялық ауруы, ми инсульты, жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі.
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының топтастыруы бойынша артериальды гипретензия ауруы 3 дәрежеге бөлінеді.
дәреже систолалық қысым с.б.140-159мм, диаст-қ қысым с.б.90 -99мм
дәреже 160-179мм 100-109мм
дәреже 180мм- ден жоғары 110мм-ден жоғары.
Алдымен бірінші дәрежелі артериалды гипертензияда салауатты өмір салтын қалыптастыруға кеңес беріліп, оны қадағалау қажет. Артериялық қысым өте жоғары болғанда оны бірте-бірте төмендету қажет.
Емдеу барысында артериялық қысымды төмендету қажет:
Бүйрек жеткіліксіздімен ауыратындарда с.б.120/70мм
Қант диабетімен ауыратындарда с.б. 130/85мм
Басқаларында с.б. 140/90мм
Әсер етуіне қарай гипотензивті дәрілер келесі топтарға бөлінеді :
1. Нейротропты гипотензивті дәрілер симптоматикалық жүйке жүйесінің белсенділігін төмендетеді.
1.1Орталық әсерлі гипотензивті дәрілер: Клофелин (Clophelinum) 0,00015; 0,000075 таб.0,01%1мл амп.; 0,0125/0,025/0,5 % көз тамшысы, Метилдопа (Methyldopa) 0,25 таб.
Тамыр қозғалтқыш орталығының α 2 -адренорецепторын қоздырып, орталық жүйке жүйесінен симпатикалық импульстің өтуін төмендетеді.
1.2.Ганглиоблокаторлар: Бензогексоний (Benzohexonium) 0,1-0,25 tab.; 2,5% амп., Пентамин (Pentaminum) 5% - 1-2ml.
Симпатикалық және парасимпатикалық вегетативті түйіндердің
Н-холинорецепторларын бөгейді.
1.3.Симпатолитиктер: Резерпин (Reserpinum) 0,0001/0,00025 таб.; 0,25%-1мл амп, Октадин (Octadinum) 0,025 таб.
Жүйке талшықтарынан норадреналиннің бөлінуін азайтады.
1.4. β -адреноблокаторлар: Анаприлин 10/40мг таб.; 0,1% -1/5мл амп., Атенолол 25/50/100мг таб., Метопролол, Конкор (Бисопролол) 5/10/20мг таб.
β 1-адренорецепторларды тежеп, жүректің жиырылу күші мен жиілігін төмендетіп, жүрек бұлшықетінің қозуын, автоматизмі мен өткізгіштігін және жүрекке оттегінің қажеттілігін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |