Жүрек ритміне әсер ететін дәрілер қолданылады:
Экстрасистолияда (жүрекше мен қарыншаның ретсіз жиырылуы), Ұстамалы тахикардияда (минутына 160-200рет жүректің соғуы), Жыпылық аритмиясында (минутына 600 ретке дейін жүректің соғуы), Жүректің өткізгіштік жүйесінің бөгетінде.
Қолданылатын дәрі топтары :
Мембрананы реттеуші дәрілер: Новокинамид (Novocanamidum), Аймалин (Ajmalinuv), Лидокаин 2% (Lidocainum), Дифенин (Dipheninum), Хинидин(Chinidinum).
Әсері: жүректе натрий иондарының тасымалын тежеп, тіндерге өтуін азайтады. Автоматизмді, өткізгіштікті, қозуды төмендетеді.
2. β- адреноблокаторлар:Анаприлин(Anaprilinum)-10-20мг. таблеткада, 0,25% -1ml ампулада. Атенолол, Бисопролол (Конкор-Concor)-2,5мг,5мг,10мг,20мг таблеткада, Метопролол (Корвитол)- 25мг, 50мг, 100мг таблеткада, 0,1% -5ml ампулада.
3. Кальций арналарының блокаторлары: Верапамил (Verapamilum, Изоптин) 40, 80мг таблетка; 0,25%-2мл ампулада. Нифедипин- (Nifedipinum, Коринфар- Corinfar) 10мг таблеткада.
4. Калий арналарының блокаторлары: Амиодорон(Amiodoronum) (Кордарон- Cordarone) 0,2таблетка; 5%-3мл ампулада, Орнид.
5. Калий препараттары: Калий хлорид - (Kalii chloridum) 4% ерітінді, Панангин (Panangin, Аспаркам-Tabulettae Asparkam) 0,5г. таблеткада.
Брадиаритмияда қолданылатын дәрі топтары:
1. М-холиноблокатор: Атропин (Atropinum) 0,1%-1мл ампулада.
2. Адреномиметиктер – Изадрин (Isadrinum) 5мг таблетка; 0,5%-1мл ампулада; 0,5%- 1%-25 мл құтыдағы ингаляцияға арналған сұйық. Адреналин (Adrenalinum) 0,18% -1мл ампулада.
Әсері: β-адренорецепторлардың белсенділігін арттырып, автоматизм мен жүректе өткізгіштікті күшейтеді.
3. Жүрек гликозидтері.
Біріктіріп қолданғанда тиімділігі артатын сәйкес дәрілер:
Хинидин + Анаприлин
Хинидин+ Изоптин
Жүрек гликозиді+ Калий хлориді
Жүрек гликозиді+ β-адреноблокаторлар
Жүрек гликозиді+ Лидокаин
Жүрек гликозиді+ Новокаинамид
Жүрек гликозиді+ Кордарон
Лидокаин+ Новокаинамид+ Орнид
Лидокаин+ Новокаинамид+ β-адреноблокаторлар
Достарыңызбен бөлісу: |