Өт жолдарының гипертониялық дискинезиясында қолданылатын холекинетиктер (өт жолдарының бұлшық еттерін босаңсытады):
М-хлоиноблокаторлар: Атропин, Платифиллин;
Миотропты спазмолитиктер: Папаверин, Но-шпа, Эуфиллин, Галидор, Холагол. Олар спазмолитикалық әсер береді.
Қолданылады: өт тас ауруында, іштің түйілуінде (ауырсынулы асқазан ішек спазмаларында).
Холелитолитикалық(өт қалтасындағы тастарды ерітетін) дәрілер: Хенофальк (Хенодезоксихолий қышқылы), Урсофальк (Урсодезоксихолий қышқылы, Урсосан).
Өт қалтасында пайда болған құрамында кальциі жоқ холестеринді тастарды ерітеді. Өт түнгі уақытта холестериндермен қанығатындықтан бұл дәрілерді түнге қарай 6 айдан 2-3 жылға дейін қабылдайды.
Гепатопротекторлар Гепатопротекторлар бауыр жасушаларының төзімділігін арттырып, улы заттардан арылу қызметін жақсартып, метаболизмді күшейтеді, бауырға қорғаныш әсер көрсетеді. Липидтердің ферментті тотығуын тежеп, бос радикалдарды бейтараптап, антиоксидантты әсер етеді.
Гепатопротекторлар дәрілер: Эссенциале, Гепабене(Карсил, Легалон), Адеметионин (Гептрал), Гепадиф, Тиоктацид, Лив- 52.
Гепатопротекторлар қолданылады: созылмалы гепатитте, бауырдың майлы дистрофиясында, бауыр циррозында, алкаголизмде, улануға байланысты бауыр зақымдануында.
Гепатопротекторлы дәрілік өсімдіктер: теңбіл ширақкөк (расторопша).
Ұйқы безі секрециясына әсер ететін дәрілер. Ұйқы безінен 1,5-2 литр шырын бөлініп, 12 елі ішекке құйылады. Шырыннның негізгі бөлігі протеаза, липаза, амилаза ферменттері. Ұйқы безінің қызметі асқазан сөлінің әсерінен күшейеді. Протеазалар (трипсин, химотрипсин, т.б.) ақуыздарды ыдыратып амин қышқылдары мен пептидтерге айналдырады. Амилаза көмірсуларды (крахмал, гликогон) моносахаридтерге айналдырып мальтоза бөледі. Ішек сөлі мальтоза оларды глюкозаға дейін ыдыратады. Липаза майларды май қышқылдары мен глициринге айналдырады. Ұйқы безі қызметінің бұзылуында ферменттердің жетіспеушілігі дамып ферметнтті дәрілер қолданылады немесе ұйқы безінің зақымдануына байланысты түтіктерінің бітелуінде ферменттердің ұйқы безінің өзін-өзі қорыту процесі жүретіндіктен антиферментті дәрілер қолданылады.