Сіңірілген удың әсерін басу.
Улардың әсерін басу үшін антидоттар қолданылады, олар улармен химялық немесе физикалық-химиялық әрекеттесетін заттар. Әмбебеп антидот-адсорбент белсендірілген көмір абсорбция әдісімен (физикалық-химялық әрекеттесу) әсер етеді. Микробты токсиндермен, алкалоидтар мен жүрек гликозидтерімен байланысады.
Темір препараттарымен уланғанда антидот дефероксамин қолданылады;
Ауыр металл тұздарымен уланғанда унитиол қолданылады;
Фосфорорганикалық қышқылдармен (ФОҚ) уланғанда дипироксим мен изонитрозин қолданылады.
Метил спиртімен уланғанда 30%-100мл этил спиртін ішкізу керек. Әрі қарай әр 2 сағат сайын 50мл-ден ішкізеді.
Синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда метилен көгі мен натрий нитриті қолданылады;
Гепариннің мөлшерін асырғанда протамин сульфаты қолданылады.
Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады:
Антихолинэстеразды дәрілермен, М-холиномиметиктермен уланғанда антагонист ретінде атропин қолданылады;
Морфинмен уланғанда антагонист налоксон қолданылады.
Инсулиннің мөлшерін асырғанда адреналин қолданылады.
Магний сульфатымен уланғанда кальций хлорид қолданылады.
Жүрек гликозидтерімен уланғанда калий хлорид ерітіндісі қолданылады.
Ауыр метал тұздарымен, алкалоидтармен уланғанда ерімейтін қосылыстар түзетіндіктен, асқазанды 0,5%- Танин ерітіндісімен немесе қою шаймен, сүтпен шаюға болады және ақуыз ішкізеді (3 ақуыз 1литр суға).
Морфинмен уланғанда асқазанды 0,05 % калий перманганат ерітіндісімен шаяды.
Күміс нитратымен уланғанда асқазанды 2% натрий хлорид ерітіндісімен шаяды (сіңбейтін қою ұнтаққа айналады).
Әскери улы заттармен уланғанда асқазанды хлор ұнтағының әлсіз ерітіндісімен шаяды.
Майда еритін заттармен уланғанда 50-100мл вазелин майын ішкізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |