Анестезия түріне қарай жергілікті
анестетиктердің қолданылуы
№
|
Жергілікті анестетик
|
Анестезия түрі
|
Беткейлі
|
Өткізгіш
|
Инфильтрациялық
|
Жұлынға
|
1
|
Дикаин (Тетракаин)
|
0,25% -1% -3%
|
|
|
0,3% өте сирек
|
2
|
Анестезин (Бензокаин)
|
5-10% жағылма,
1-2% майлы ерітінді
|
|
|
|
3
|
Новокаин (Прокаин)
|
|
1-2%
|
0,25-0,5%
|
2,5-5%
|
4
|
Тримекаин (Мезокаин)
|
2- 5%
|
2%
|
0,125- 0,5%
(1сағат)
|
5%
|
5
|
Лидокаин (Ксикаин)
|
1-4% ерітінді, 10% спрей
|
1 -2%
|
0,125%- 1%
(1сағат)
|
1 -5%
|
6
|
Бупивакаин (Маркаин)
|
|
0,25- 0,5%
|
0,125- 0,5%
(2-3сағат)
|
0,25%- 0,75%
|
7
|
Пиромекаин (Бумекаин)
|
0,5-1-2% ерітінді,
5% жағылма
|
1 -2%
|
|
|
8
|
Артикаин (Ультракаин Д)
|
|
2- 4%
|
0,25- 1%
|
1 - 5%
|
Анестезин (Бензокаин) суда ерімейтіндіктен жағылма, майлы ерітінді, сеппе түрінде тері зақымдануларында және ембалауыз түрінде тік ішек ауруларында қолданылады.
Новокаин (Прокаин). Анестезиялық тиімділігі жағынан Дикаинге қарағанда әлсіздеу. Бірақ Дикаиннің улылығы жоғары. Тамыр арқылы енгізгенде Новокаинның улылығы 10 есе артады. Инфильтрациялық және өткізгіш анестезияға жиі қолданылады. А.В.Вишневский әдісімен жүргізілетін инфильтрациялық анестезияға 0,25%-400-1000мл ерітінді қолданылады. Сілемей қабаттан нашар сіңетіндіктен беткейлі анестезияға сирек қолданылады. Қан тамырларына бай аймақтарда (бет-жақ, ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей) анестетик ерітінді тез сіңіп, интоксикация дамиды. Сондықтан Новокаинның және басқа анестетиктердің әсерін ұзарту және тиімділігін арттыру үшін 50мл Новокаин ерітіндісіне тамыр тарылтқыш әсерлі дәрі 0,1% Адреналиннің 1-2 тамшысы енгізер алдында қосылады. Кері әсерлері байқалатындықтан Адреналиннің мөлшерін асыруға болмайды. 200мл Новокаин ерітіндісіне 0,1%-1мл Адреналин ерітіндісін қосуға болады. Адреналиннің мөлшері асқанда тахикардия, жүрек тұсында ауырсыну, қан қысымының жоғарылауы байқалады. Новокаинның әсері қысқа. Новокаинге пациенттерде жоғары сезімталдық байқалып (қышу, бөртпелер, қызару, ісіну, дерматит), кейде анафилактикалық шок болуы мүмкін. Новокаин сіңгенде пайда болатын метаболиттердің бірі парааминобензой қышқылы микробқа қарсы қолданылатын сульфаниламидтердің антагонисті болып келеді. Сульфаниламидтердің микробқа қарсы әсерін төмендететіндіктен сульфаниламидтермен бірге Новокаин қолданылмайды. Новокаинді тамыр арқылы енгізгенде оның келесі резорбтивті әсерлері байқалады: орталық жүйке жүйесінде тежелулер, салмақты сезбеу, ұйқы, ары қарай наркоз. Сондықтан антибиотиктерді тамыр арқылы енгізу керек болса физиологиялық ерітіндімен араластырып енгізіледі.
Лидокаин (Ксикаин) анестезияның барлық түріне қолданылатын әмбебаб анестетик. Лидокаинге әсер ету уақытын ұзарту үшін Адреналин қосып қолданады. Миокард мембранасына оң әсер көрсететіндіктен аритмияда жиі қолданылады.
Бырыстырғыш (тұтастырғыш) дәрілер (вяжущие): Танин, Bi, Ag, Al, Cu, Zn тұздары, қорғасын ацетаты-свинца ацетат, ашутас- квасцы, ксероформ, дерматол, емен- дуб, түймедақ- ромашка, жалбыз- шалфей, итошаған- череда, шайқурай- зверобой
Әсері: сілемей қабықша мен терінің бетіндегі ақуыздың бірігуіне әкеліп, қабынуды басады.
Бүркеуші заттар (обвалакивающие): Крахмал шырышы-слизь, зығыр дәні (лён), алмагель. Әсері:сілемей қабықшаларды бүркеп, тітіркенуіне кедергі жасайды.
Сіңіргіш дәрілер (адсорбенттер): белсендірілген көмір, смекта, қантоқтатқыш сорғыш Тахокомб.
Белсендірілген көмір, смекта дәрілерін іш өткенде ,іш кебуде, тамақпен, алкалоидтармен, металдармен уланғанда қолданады.
Тітіркендіргіш дәрілер: мүсәтір спирті, Валидол, Ментол, қыша-горчица, скипидар, этил спирті, жылан уы қосылған жағылмалар, құстыратын және қақырық түсіретін дәрілер.
Достарыңызбен бөлісу: |