Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.
Анальгетиктер
Наркозға арналған дәрілер
Этил спирті
Психотропты дәрілер
Аналептиктер
Ұйыктататын дәрілер
Тырысуда қолданылатын (эпилепсияға қарсы) дәрілер
Паркинсонизмге қарсы дәрілер
Анальгетиктер
Топтары: наркотикалық (есірткілі) және бейнаркотикалық.
Наркотикалық анальгетиктер: морфин, промедол, омнопон, фентанил, бупренорфин, просидол. Әсері: орталық жүйке жүйесіне ауырсынудың өтуін тежейді. Кез келген ауырсынуды басады. Оларға үйреншіктік, дәріге тәуелділік, нашақорлық пайда болады.
Морфин ауырсыну орталығын, тыныс алу және жөтел орталығын тежейді. Құсу орталығын қоздырып, бронхоспазм тудырады. Тыныс алу, құсу, жөтел орталықтары сопақша мида орналасқан. Шокта, жарақаттанғанда, обырда (рак), миокард инфарктісінде, операциядан кейін ауырсынулырды басуға қоланылады.
Қарсы көрсеткіші: 3жасқа дейінгі балаларға, бала емізетін аналарға, егде-кәрі кісілерге қолдануға болмайды.
Морфинмен уланғанда белсендірілген көмір суспензиясымен асқазан шаю, антогонисті налорфин (0,5%-1мл немесе налоксон(0,04%-1мл) бұлшықетке немесе көктамырға егіледі. Атропин және аналептиктер (камфора, кордиамин) қолданылады. Оттегін беріп, дене жылытып, тіл қысқыш қолданады.
Бейнаркотикалық анальгетиктер: Аспирин, анальгин, парацетамол, кеторол, кетонал, трамадол, диклофенак, индометацин, бутадион.
Әсері: қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын, қызу түсіретін.
Тек парацетамол қабынуға қарсы әсер етпейді.
Трамадол дәрісі наркотикалық және бейнаркотикалық заттардың қосылысынан тұрады. Бұйрық бойынша Трамадал наркотикалық дәрілер тізіміне енгізілмегендіктен күшті әсерлі дәрілерге жатады.
Наркомания дегеніміз әлеуметтік мәселе.
Наркомандардың пневмония ауруына шалдығу қаупі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |