Фармакология негіздері


IV). Агональды (салдану ) сатысы



бет38/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
IV). Агональды (салдану ) сатысы: тыныс алудың толық бұзылуы, тамыр соғуының жойылуы, қан айналымның тоқтауы. Тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталығының салдануынан өлімге алып келеді.
Наркозға арналған дәрілер енгізілуі доғарылғаннан кейін, ағзада ояну кезеңі басталады: наркоздың барлық сатылары кері ретпен жүріп, артынша наркоздан кейінгі ұйқы басталады.
Наркоз түрлері:
Ингаляциялық наркоз: наркоз аппаратының маскасы немесе эндотрахеальды түтікше арқылы газ тәрізді немесе ұшқыш сұйық анестетиктермен демалу жолы. Ингаляциялық наркоз жеңіл басқарылады, бірақ оған сай құрал жабдықтарды талап етеді.
Мононаркоз- бір препаратпен жүргізілетін наркоз.
Аралас наркоз: наpкозға арналған дәрілердің екі немесе одан да көп қоспалары қолданылады, мысалы, фторотан мен азот тотығының қоспасы.
Қиыстырылған наркоз: ингаляциялық емес наркоз бен (базис-наркоз немесе алғашқы наркоз – қозу кезеңін болдырмау үшін) ингаляциялық наркоздың (жеңіл басқарылады) бірігуі. Аралас және қиыстырылған наркоз өте концетрациясында препараттардың бірігуінің әсерінен жалпы тиімді анестезияны қамтамасыз етеді.
Үдемелі (потенцирленген) наркоз- бір – бірінің әсерін күшейтіп және ұзартатын наркотикалық, анальгетикалық және тыныштандыратын препараттармен қолданылатын қиыстырылған наркоз.
Нейролептоанальгезия – нейролептиктермен (дроперидол және т.б.) наркотикалық анальгетиктерді (френтанил және т.б.) біріктіріп берілетін, есі сақтала отырып, жасанды жансыздандыратын жалпы анестезияның ерекше әдісі. Бұл әдіс өз еркімен, қиыстырылған анестезия және премедикация үшін қолданылады.
Науқасты наркозға дайындар алдында, психологиялық- эмоциональды кернеуін төмендету үшін, наркозға енуін жеңілдету үшін премедикация жүргізіледі: наркотикалық анальгетиктердің, антигистаминді дәрілердің, М- холиноблокаторлардың, сондай-ақ нейролептиктердің және транквилизаторлардың ішінен біреуін белгілеу қажет.
Премедикацияға қолданылатын дәрілер: бупивикаин, фентанил, атропин, сибазон.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет