Helicobacter Pilor бактериялары асқазанды зақымдайтын зат бөліп шығарады.
Қолданылатын дәрілер: қарапайым паразиттерге қарсы дәрілер Метронидазол, Фуразолидон;
Пенициллиндер тобы антибиотиктері: Ампициллин, Амоксициллин; Тетрациклин тобы антибиотигі: Тетрациклин, Доксициклин Макролидтер тобы антибиотигі: Кларитромицин (Клацид, Клабакс), Азитромицин (Сумамед).
Өт айдайтын дәрілер Бауырдан тәулігіне 0,5-1,5 л дейін өт бөлініп, өт қабына жиналады. 12 елі ішекке тамақ түскенде өт қабынан 12 елі ішекке құйылады. Өттің 12 елі ішекке құйылуының азаюы бауырдан аз бөлінуіне немесе өт қабатынан шыға алмауына байланысты. Өт айдайтын дәрілер өттің бауырдан бөлінуіне және өт қалтасынан шығуын жеңілдетуге гепатит, холецистит, холангит, өт қалтасы қабынуы, т.б. асқорыту мүшелері ауруларында қолданылады.
Холеретиктер (холесекретиктер) өттің пайда болуын күшейтеді және оларды сұйылтып, айдалуына алып келеді.
А) Жануралардан алынған холеретик препараттар: Аллахол, Холензим (жануар өтінен тұрады).
Б) Өсімдіктен алынған холеретик препараттар: Фламин, Берберин, Танацехол, Холосас, Холагол. В) Синтетикалық холеретик препараттар: Оксафенамид, Одестон (Гимекромон), Никодин, Циквалон. Г) Холеретик әсерлі өсімдіктер: салаубас, түймешетен (пижма), жүгері шашақтары (кукурузные рыльца), итмұрын, бөрі қарақат (барбарис), жалбыз (мята).
Холеретиктер қолданылады: созылмалы гепатит, холецистит, холангитте.
Холеретиктере қарсы көрсеткіш: бауырдың жіті қабынуы мен дистрофиясы, өт тас ауруы.
Холекинетиктер өт жолдарында спазманы төмендетіп, 12 елі ішекке өт шығуын жеңілдетеді.
Өт жолдарының гипотониялық дискинезиясында қолданатын холекинетиктер өт қалтасының тонусын жоғарылатып, Одди сфинкторын босаңсытады. Дәрілері: Магний сульфат, Ксилит, Сорбит, зәйтүн майы, күнбағыс майы.
Қолданылады: созылмалы гепатитте, холециститте, өт жолдары дискинезиясында, өт қалтасы атониясында.
Қарсы көрсеткіші: бауыр мен асқазанның жіті қабынуы, өт тас ауруы.