Агрегация- жабысу.
Коагуляция-қанның ұюы.
Фагоцит- жебір жасуша.
Фагоцитоз-( phagion- обыру, жұту, қармап алу, cytos- жасуша)- фагоциттің бөтен заттарды жұтып қоюы.
Тромбоэмболия- тамырдың тромбпен тығындалуы.
Гемоконцентрация- қанның қоюлануы.
Гемотрансфузия- қан құю.
Инфузия- сұйықтық жіберу.
Гомеостаз- қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қызметтерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды айтады.
Гемостаз-haemo- қан, stasis- тоқтау.
Гемопоэз- қан өндірілу.
Гемодинамика- қанайналым.
Гемодилюция- қанның сұйылуы (қанның құрамында судың көбеюі).
Гемофилия- қанның ұйымауы.
Геморрагия- қан кету, қанталау, қан ағу.
Гиповолемия – қанның көлемінің азаюы
Инфузиялық препараттар
Қанның маңызды қасиеттерінің бірі осмостық қысымы. Қандағы осмостық қысымның 60%-ы ас тұзы иондарына байланысты. Қанның осмостық қысымына тең болғандықтан натрий хлорид ерітіндісі изотоникалық немесе физиологиялық ерітінді деп аталады (0,85-0,9%).
Қанның рН реакциясы да тұрақты көрсеткіш. Көктамырдағы қанның реакциясы рН 7,35-7,36, артерия қанында рН 7,4-7,42, жасуша ішінде рН 7,0-7,2. Қанда рН ұзақ уақыт 0,1-0,2 көрсеткішке өзгерсе адам өледі.
Инфузиялық терапия – парентеральды жолмен енгізіп, үлкен көлемде сұйық дәріні емге пайдалану. Инфузиялық сұйықтар су моншасында+380-+390 С жылытылып, минутына 40-120 тамшыдан 24-48 сағат аралығында құйылады.
Инфузиялық сұйықтардың жіктелуі:
Плазмаалмастырғыш сұйықтар.
Қышқыл-сілті тепетеңдігін реттеуде қолданылатын сұйықтар.
Парентеральды тамақтандыруда қолданылатын сұйықтар.
Инфузиялық сұйықтар қолданылады: өте көп қан кеткенде, науқас ес– түссіз жағдайда болғанда, ас қабылдау мүмкіншілігі болмағанда, қан құрамының керекті заттарын толықтыру керек болғанда, дизентерияда.
I. Плазмаалмастырғыш сұйықтар:
Гемодинамикалық сұйықтар: Полиглюкин 6%, NaCl- 0,9%, Глюкоза 5%, Полифер, Венофундин.
Қолданылады: шокта, қан кеткенде, ағзада сұйқтық азайғанда.
Дезинтоксикациялық сұйықтар: Реополиглюкин (Декстран – 40), Гемодез.
Қолданылады: микроцеркуляцияны жақсартуға, несеп шығуын ұлғайтуға, уытты заттардан қанды тазартуға.
II. Ағзадағы қышқыл – сілті тепе–теңдігін реттейтін сұйықтар.
Ағзада қышқыл-сілті тепе-теңдігі бұзылғанда ацидоз немесе алкалоз дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |