Физиологиялық гемолиз- 120-130 күннен кейін ескірген эритроциттердің бауырда, көкбауырда гемолиздені.
Осмостық гемолиз. Қанға осмостық қысымы аз ерітінді (0,48-0,36%) құйғанда , сұйықтың көбеюінен пайда болуы мүмкін.
Химиялық гемолиз- химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті) әсерінен болады.
Биологиялық гкмолиз. Ішек құрттары, жылан, қарақұрт, бактериялар бөліп шығаратын заттар- гемолизиндердің әсерінен болады. Қанның көбі гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін.
Термиялық гемолиз. Қанды біресе жылытып, біресе суытудан болады. Дене температурасы 420 С тан асса қан гемолизденеді. Кешке қарай 38-390 С- қа көтеріліп отырса, эритроциттер гемолизденеді.
Механикалық гемолиз. Ыдыстағы қанды тасымалдағанда шайқалса, араластырса, сілкіп қатты қозғаса эритроцит мембранасы зақымданады.
Электрлік гемолиз. Электр тогының әсерінен эритроцит қабығы бұзылады.