Фармакология негіздері



бет67/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78
Байланысты:
Фармакология негіздері-emirsaba.org

Қанның ұюына тікелей әсер ететін дәрілер: Гепарин, Фраксипарин, Клексан, Гирудин (қан ұю факторына әсер етеді)- протромбиннің тромбинге айналуын бұзып, тромбиннің белсенділігін жояды.
Қанның ұюына тікелей емес әсер ететін дәрілер: Неодикумарин, Варфарин, Эскузан, Анавенол, Троксевазин. Бауырда қанды ұйытатын факторға әсер етеді (протромбиннің пайда болуын тежейді).
Қолданылады: қанның ұюын төмендетуге тромбофлебитте, миокард инфарктісінде, тромбоэмболиялық аурулардың алдын алуда.
2. Коагулянттар - қанның ұюын жоғарылататын дәрілер: Викасол (Вит К), кальций хлорид ерітіндісі (CaCl2) -10%-10 мл ампулада, кальций глюканат. Тромбин және Тахокомб (сорғыш түрінде жергілікті қолданылады). Қолданылады: қан тоқтату үшін.
3.Фибринолизге әсер ететін дәрілер
1. Фибринолитикалық дәрілер: Стрептокиназа, Урекиназа, Алтеплаза, Фибриолизин.
Әсері: қанда фибринолизиннің пайда болуын, белсенділігін арттырып, пайда болған фибриндерді ерітеді. Стрептокиназа мен урекиназа жаңа пайда болған тромбыларды ерітуде тиімді. Стрептокиназаны қолданғанда жалпы қанда фибринолизин көбейіп қан кету қаупі бар. Алтеплаза пайда болған тромбтағы фибринге ғана әсер етіп, ерітеді.
2. Антифибринолитикалық дәрілер: Аминокапрон қышқылы 5%-100мл, Контрикал, Амбен (сорғыш).
Әсері: қандағы фибринолизин ферментінің пайда болуына, белсенділігіне тежегіш әсер етіп белсенділігін азайтады, фибрин жіпшелері көбейеді.
Қан жүйесіне әсер ететін дәрілерді қолданғанда 2 – 3 күн сайын қанға сараптама жасап тексеріп отыру керек.


Плазма- қан сарысуы (элементтерінен айырылған қанның сұйық бөлігі)
Эритроциттер-(грекше erytrjs- қызыл, cytos- жасуша)- қанның қызыл түйіршіктері.
1литр қанда- 4,5- 5млн эритроцит болады. Эритроциттегі құрғақ заттың 90% гемоглобиннен тұрады. Гемоглобиннің құрамында темір бар.
Адам денесінде шамамен 5литр қан болса соның 700-800грамы гемоглобин.
Эритроцитоз- эритроциттердің көбеюі. 5 *1012 көп
Эритроцитопения эритроциттердің азаюы 3,7*1012 аз.
Эритроциттер шамамен ағзада 120-130 күн өмір сүреді.
Анемия- қанның азаю ауруы. Анемия кезінде қан көлемі өзгермейді, тек оның құрамындағы эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері өзгереді. Адам қансырағанда 1-2 тәуліктен кейін қан сұйыла бастайды. Өйткені эритроциттер 4-5 тәуліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Эритроциттердің құрамында гемоглобин көбейсе гиперхромды анемия деп аталады. Ал эритроциттердің құрамында гемоглобин азайып кетсе гипохромды анемия деп аталады. Гиперхромия кезінде эритроциттер саны азайып, жеке эритроцит ұлғайып (макроцит) гемоглобинге толады.
Қанның реңдік мөлшері (ҚРМ) цветной показатель - қандағы гемоглобиннің мөлшеріне байланысты (0,86- 1,05 аралығында болуы тиіс).
ҚРМ= қандағы Hв мөлшері х 3/ эритроцит саны(бастапқы үш сан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет