Фармакология негіздері



бет61/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Гастропротекторлар (цитопротекторлар) - асқазанды тұз қышқылымен зақымдануынан, өзін-өзі қорытудан қорғап, муциннің бөлінуін күшейтеді. Асқазан шырыны қышқылдығын, бикарбонаттардың секрециясын күшейтіп, қорғаныш факторы болып келетін простагандиндердің бөлінуін жақсартады. Жара бетін жабатын жабысқақ зат бөледі. Ол 6 сағаттай жара бетін жабады.

Қолданылады: асқазан және 12-елі ішек ойық жарасын емдеуде тамақ ішер алдында және ұйықтарда .
Гастропротекторлы әсерлі дәрілер:
а) Пленка түзетін (бырыстырғыш, тұтастырғыш) коллоидтар: Висмут субцитраты (Де-нол), Сукральфат (Вентер). Бүркеуші және бырыстырғыш (тұтастырғыш) әсер береді. Антисептикалық, сіңіргіш, жергілікті қабынуға қарсы, тамыр тарылтқыш және хеликобактерге қарсы әсерлері бар. Сүтпен, газды сусындармен бірге қабылдауға болмайды.
ә) Простогландиндер: Мизопростол (Сайтотек) асқазан кілегей қабығының зақымдануының алдын алу үшін стероидты емес қабынуға қарсы (ацетилсалицил қышқылы, диклофенак, индометацин, бруфен, т.б.) дәрілерді қабылдағанда тағайындалады. Әсері 3 минутта басталып 3 сағатқа созылады.
Жанама әсері: диарея, метеоризм, бас ауру.
Қарсы көрсеткіштері: жүктілік, 18 жасқа дейінгі балаларға, гипотензия, эпилепсия, бауыр қызметі бұзылыстары.
б) Кілегейлі сұйықтықтың бөлінуін қуаттандыратын дәрі: Карбеноксолон (Биогастрон, Дуогастрон). Қызыл мия тамырынан алынған қабынуға қарсы, асқазан кілегейінің тұтқырлығын арттырып, қанмен қоректенуін жақсартатын әсерлі дәрі.
в) Репаранттар қорғаныш әсер көрсетіп, жаралардың тез жазылуына ықпал ететін заттар. Гастроэнтерологияда және медицинаның басқа саласында көптеген ауруларды емдеп, жараларды жазуға қолданылады. Олар: Гастрофарм Метилурацил, Пентоксил, Солкосерил, Соматостатин, анаболикалық стероидтар, Апилак, Алоэ, Шайқурай, Каланхоэ, Прополис, Мумиё, итмұрын мен шырғанақ майы.
Соматостатин (гипоталамус гормоны) пептидті жаралардан қан кетуді тоқтатуға қолданылады.
Жанама әсері: диспепсия, аллергия.

5. Helicobacter Pilor бактерияларына әсер ететін микробқа қарсы дәрілер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет