Фармакология негіздері



бет2/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Кіріспе.
Фармакология – (грек тілінен Phаrmacon- дәрі, у; logos- ғылым) – дәрілік заттар мен тірі ағзаның өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым. Фармакология әр түрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды алдын алу және емдеу үшін қолданылатын дәрілерді игереді.
Фармакология медициналық- биологиялық және клиникалық пәндермен тығыз байланысты. Медицинада алатын орны өте зор. Кез келген патологиялық жағдайда, аурудың алдын алуда, диагностикада әртүрлі дәрілік заттар қолданылады. Патологиялық жағдайдағы ағзаға дәрі әсерін клиникалық фармакология зерттейді. Адам ағзасына дәрілердің улы әсерін токсикология, дәрілердің химиялық құрамын, дайындау тәсілдерін фармакологиямен тығыз байланысты фармация саласы оқытады. Фармакология заттардың тірі ағзамен байланысын зерттейтіндіктен дені сау қоғам құрып, дені сау ұрпақ өсіруге ат салысып, медицина саласына қызмет етеді.

Фармакология міндеттері:


1. Тиімділігі жоғары және қауіпсіз, жаңа дәрілерді іздестіру.
2. Дәрілердің сапасын бағалайтын бақылауды күшейту.
3. Фитотерапияны дамыту.
4. Клиникалық фармакологияны дамыту.
5. Дәрілерді дұрыс қабылдамаудан болған дәрілік аурулардың алдын алу.
Дәрілерді алу көздері:

  1. Дәріні химиялық синтез жолымен алу.

  2. Дәрінің шикізаттардан және жекелеген заттардан алынуы (жануарлар ағзасынан (гормондар, ферменттер), өсімдіктерден (алколоидтар), минералдардан).

  3. Дәрінің микроорганизмдердің, саңырауқұлақтардың өмір сүру өнімдерінен алынуы (антибиотиктер).

  4. Дәрінің генді инженерия жолымен алынуы.

Фармакологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар.
Фармакологияның тарихы адамзат тарихы секілді өте ұзақ. Дәрілік заттарды ерте кезден бастап қолданған. Дәрі танудың дамуына біздің эрамызға дейін ІІІ ғ. ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э.д. 460-377 ж. бұрын), Диоскорид (б.э.д. I ғ.), б.э. ІІ ғ. Рим ғалымы Клавдий Гален (б.э.д. 131-201 ж.), XI ғасырда шығыстың ойшыл дәрігері Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) (980-1037 ж.), XV ғасырда қазақтың данышпан, шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы үлкен үлес қосқан.
Гиппократ әр түрлі ауруларды емдеуде дәрілік өсімдіктерді өңделмеген күйінде қолдануды ұсынған. Кейінірек өсімдіктерден негізгі әсер беретін заттарын бөліп ала бастаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет