Дәрілер арнайы бөлмелерде сақталады. Дәрі сақтайтын бөлмелерде температура мен ылғалдылықты бақылау үшін гигрометр аспабы қолданылады. Дәрі сақтайтын бөлмедегі ылғалдылық 65% аспауы тиіс.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидаларынан үзінді Дәрілерді сақтауда: бөлме t-сы +15 +250 С аралығы
салқын t- +8 +150 С
тоңазытқышта +2 +8 0 С
Есірткі, психотропты дәрілер және прекурсорлар тізімінің I, II кестесіне енгізілген дәрілер сейфке салынып, есігі мөрленіп жабылып сақталады. Бөлмеге дыбыстық дабыл орнатылып, күзетке тапсырылады.
Есірткі, психотропты дәрілер және прекурсорлар тізімінің III, IV кестесіне енгізілген дәрілер жабылатын шкафтарда сақталады.
Дәріханалардың, денсаулық сақтау ұйымдарының сақтау үй-жайларында (кабинет, бөлімшелер) дәрілік заттар бөлек сақталады: 1) фармакологиялық топтары бойынша; 2) қолдану тәсіліне (ішкі, сыртқы) байланысты; 3) агрегаттық жай-күйіне байланысты (сұйық, газ, т.б); 4) сыртқы ортаның физикалық-химиялық қасиеттері мен түрлі факторларының әсеріне байланысты. Барлық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне, оларға сыртқы ортаның түрлі әсеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: 1) жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін; 2) ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін; 3) ұшып кетуден қорғауды талап ететін; 4) жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін; 5) төмен температурадан қорғауды талап ететін; 6) қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін; 7) иісті, бояйтын заттар. Жарықты ерекше сезгіш дәрілік заттар (күміс нитраты, күміс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты және оларға ұқсас) жарық өткізбейтін ыдыста, ішкі жағы қара бояумен боялған, тығыз жабылатын шкафта сақталады. Калий перманганатын арнаулы бөліктерде, қаңылтыр контейнерлерде, жұмыс орындарында – тығындары сүртілген штангластарда сақтау жүзеге асырылады. Нитроглицерин ерітіндісін шағын, жақсы тығындалған шыны немесе металл контейнерлерде оттан сақтай отырып салқын, қараңғы жерде сақтайды. Теріге тигенде улануды және төгілгенде туындайтын жарылысты болдырмау үшін нитроглицеринмен ерекше сақтықпен жұмыс жүргізу қажет. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: 1) резеңке бұйымдары; 2) пластмассадан жасалған бұйымдар; 3) таңу, тігу және қосалқы құралдары; 4) көзге салынатын және оны түзейтін линзалар; 5) медициналық аспаптар, құрылғылар, аспаптар, аппаратура, атмосфералық факторларды ерекше сезінгіш бұйымдарды (созылғыш катетерлер, буждар, қолғаптар, саусаққа кигіштер, резеңке бинттер, резеңке тығындар) бөлек үй-жайларда тығыз жабылған қораптарда сақтайды.