Жалпы фармакология. Жалпы фармакология - дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын, сондай-ақ оларға әсер ететін факторларды және дәрілердің жанама, улы, әсерлерінің жалпы заңдылықтарын оқытады.
Фармокология дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасына назар аударады.
Фармакодинамика - (pharmacon- дәрі, dynamis- күш) – дәрілік заттардың әсерінің түрін, орнығуын, тиімділігін қарастырады.
Фармакокинетика – (kineo- қозғалту) –дәрілік заттардың енгізілуін, сіңірілуін, таралуын, өзгеруін, ағзадан шығарылуын қарастырады.
Дәрілік заттардың фармакологиялық топқа жіктелуі- дәрілердің физика-химиялық, фармакологиялық және басқа әсерлеріне қарай жүйелеу.
Дәрінің әсер түрлері Жүйелі әсер - дәрінің ағзаның барлық жүйесіне әсер етуі.
Мысалы: Адреналин қан тамырларға, бронхыға, жүрекке, ішектерге босаңсыту; жатырға тонусын көтеру; қандағы глюкозаның құрамын жоғарылату әсері бар.
Жергілікті әсер - дәрінің енгізілген жерге әсер етуі. Лидокаин аэрозоль түрінде қолданғанда жергілікті әсер береді.
Резорбтивті әсер - дәрінің қанға сіңіп барып әсер етуі. Лидокаин бұлшық етке енгізілсе ол қанға сіңіп жүрекке әсер береді.
Рефлекторлы әсер - дәрінің сезімтал жүйке ұштары арқылы әсер етуі (қыша қағазы, ментол, валидол таблеткасы, аммиак, бұрыш жапсырмасы, скипидар).
Негізгі әсер - керекті ем үшін дәрінің берген әсері.
Жанама әсер - асқынуға алып келетін қажет емес дәрі әсері.
Тікелей (Мүшелік) әсер – дәрінің бір мүшеге әсер етіп, оның қызметін өзгертуі. Несеп айдайтын дәрілер бүйрекке, іш жүргізетін дәрілер ішекке, бронхолитиктер бронхыға ғана әсер етеді
Таңдамалыәсер – дәрінің жекелеген ұқсас рецепторларға әсер етуі.
Улы әсер - дәрінің мөлшерін асырғанда немесе уланғанда зақымдануға алып келетін әсер. Мысалы: Бүйрек ауруларында ағзадан дәрілердің шығуы азайып ағзада жиналады, содан ағзаға улы әсер береді. Жүрек гликозидтері 3-14 күнге дейін әсер беретіндіктен, ағзада жиналып, улы әсер көрсетеді.