Фармакология негіздері


Антибиотиктер негізгі және қосымша



бет21/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Антибиотиктер негізгі және қосымша (резервті) деп бөлінеді.
Негізгі антибиотиктер- тиімділігі жоғары, улылығы төмен. Емдеуді осылардан бастайды.
Қосымша (резервті) антибиотиктер – улылығы жоғары, тиімділігі жоғары, кері әсерлері көп немесе оларға микроорганизмдердің тұрақтылығы тез пайда болады.
Негізгі антибиотиктер әсер етпеген жағдайда немесе оларға аллергия, тұрақтылық болғанда қосымша антибиотиктерді тағайындайды.
Антибиотиктердіңң жанама әсері: Барлық химиотерапиялық дәрілерден жылдам және баяу аллергиялар, бұлшық етке салған жерде ауырсынулар, тамырға салғанда флебит, тромбофлебиттер, суперинфекция байқалуы мүмкін. Бауырға, бүйрекке, қан жүйесіне, есту мүшесіне, бас жүйке қызметіне кері әсерлер беруі мүмкін.
Суперинфекция - химиотерапевтикалық дәрілерді қолданғанда пайда болатын кері әсерлер (кандидоз, микробтардың тұрақтылығы, қалыпты микрофлораның жойылуы, т.б.).
Антибиотиктердің көбі әсер бірлікпен мөлшерленеді.
Әсер бірлік (ӘБ) - биологиялық белсенді заттың емдік әсер көрсететін мөлшері. Әсер бірлік жануарларда тексеріліп анықталады (мысалы: 0,6мкг пенициллин = 1ӘБ, немесе 50мл сорпадағы микробты өлтіруге қабелетті антибиотик мөлшері).
Антибиотиктердің химиялық құрылысына қарай топтастырылуы:
I. β -лактамды антибиотиктер (антибиотиктердің 50%-н құрайды, β –лактамаза ферментінің әсерінен бұзылады, тәуелділік пайда болады). Олар:
1.Пенициллиндер: Бензилпенициллин натрий тұзы (калий және новокаин тұзы), феноксиметилпенициллин, бициллин-1(5), Ампициллин тригидрат, ампиокс, амоксициллин, аугментин.
Әсер ету механизмі микроорганизмдердің жасуша қабырғасындағы синтезін жойып, бактерицидті әсер етеді. Пенициллиндер микроорганизмдердің вегетативті түріне әсер етіп, ұрықтарына әсер етпейді.
Пенициллиндер қолданылады: пневмония, бронхит, ангина, дифтерия, менингит, гонорея, бленорея, мерез, сібір жарасы ауруларында, көз, құлақ, несеп жолдары, жұмсақ ұлпалардың іріңді инфекцияларында және гиникологиялық инфекцияларда қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет