+ - белсенді ; ± - белсенділігі шамалы
Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (СКҚД) Оларға қабынудың барлық сатыларына тежегіш әсер көрсететін бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының гормонды препараттары глюкокортикоидтар жатады.
Әсері: қабыну медиаторы просагландиндер түзетін арахидон қышқылының синтезіне қажет фосфолипазаның тежелуіне байланысты.
Глюкокортикоидтар: Гидрокортизон, Преднизолон (медопред), Дексаметазон (дексона, диксазон), Триамцинолон (полькортолон, кеналог, синофлан), Бетаметазон, Метилпреднизолон (метипред медрол), флуметазон пивалаты.
Жағылма түріндегі препараттары: Флуцинар, Лоринден, Целостодерм, Полькортолон ТС (аэрозоль түрінде).
Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін) әсер көрсетеді.
Глюкокортикоидтарды стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер әсер етпей жатқанда дәрігердіңң бақылауымен қолданады. Глюкокортикоидтардың шокқа (сілейме) қарсы және антитоксикалық (уытқа қарсы) әсері бар.