Фармакология негіздері


Миометрияға әсер ететін дәрілер



бет77/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Миометрияға әсер ететін дәрілер
Миометрия- жатыр бұлшық еті.
Миометрияға әсер ететін дәрілер 3 топқа жіктеледі.
1. Миометрия жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер.
2. Тек миометрия тонусын жоғарылататын дәрілер.
3. Миометрия тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.

1.Миометрия жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер. (Утеростимуляторларлар)


Окситоцин тобы: окситоцин, питуитрин, простогландиндер, дезаминокситоцин. Окситоцин гипофиздің артқы бөлігінің гормоны.
Окситоцин миометрияны ырғақты жиырады, тонусын жоғарылатады. Жатыр окситоцинге жүктіліктің соңғы айларында, әсіресе босанар кезде сезімтал. Оның әсерін эстрогенді гормондар арттырады. Босанған соң әсері әлсірейді.
Утеристимуляторларының қолданылуы: миометрия әлсіздігінде, су кетіп қалғанда толғақ шақыру үшін, босанған соң жатырдан қан кеткенде.
1мл/5 ӘБ Окситоцинді 5%-500мл Глюкоза ерітіндісімен араластырып тамшылатын көк тамырға енгізеді.
Утеристимуляторларға қарсы көрсеткіш: ұрықтың көлденең немесе қиғаш орналасуы, әйелдің жамбасы тар болғанда, жатырдың жыртылу қаупінде, кесер тілігінен кейінгі жағдайда.
Окситоцин тек жатыр аузы ашық болғанда ғана қолданылады.
Питуитрин препараты гипофиздің окситоцин және вазопрессин гормондарынан тұрады.
Артериялық қысымды жоғарылатады, антидиуретикалық әсері бар. Қолданылуы Окситоцин секілді.
Қарсы көрсеткіші: артериальды гипертензия, атеросклероз, миокардит, сепсис, тромбофлебит, жүктілік нефропатиясы. Дәрілік түрі: ампула 1мл/5ӘБ
Простогландин (Динопрост) миометрияға жүктіліктің барлық кезеңінде қуаттандырғыш әсер етеді. Жатырдың ашылуына да себепші. Дәрілік түрі 0,001 және 0,005 құрғақ стерильді ұнтақ. 5%-500мл-Глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9% натрий хлоридімен араластырып тамшылатын көк тамырға енгізіледі.
Майсана майы (Кастор майы) да жатырдың тонусын жоғарылатады. Майсана майы негізінен іш қатуда қолданылады. Жатырдың тонусын күшейтетіндіктен жүктілік кезінде іш жүргізуге қолдануға болмайды. Түсік болуы мүмкін.

2. Тек миометрия тонусын жоғарылататын дәрілер.


Эргометрин (спорынья) қара күйе саңырауқұлағынан алынады. Босанған соң қан кеткенде қолданады. Босануды қуаттандыруға қолданбайды, өйткені ұрықтың өміріне қауіпті тоникалық жиырылу болады. Дәрілік түрі 0,02%-1мл ампула, 0,0002г таблетка.
Эрготамин эргометрин сияқты әсер етеді. Эрготаминді мигреньде - бас ауырғанда қолдануға болады.
Қарсы көрсеткіші: жүктілік, атеросклероз, тромбофлебит, бүйрек, бауыр аурулары.
Каторнин миометрия тонусын жоғарылатады. Жатырдан қан кеткенде қолданылады. 0,05г таблетка түрінде шығарылады.

3. Миометрия тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер. Токолитикалық (tocos-босану-роды, lysis-тоқтату-прекращение) дәрілер.


Қолданылады: толғақты басу үшін мезгілінен бұрын босану қаупінде, операцияға дайындау алдында, жүктілікті көтере алмағанда.
β-адреномиметик: Фенотерол (Партусистен), Сальбутамол. 0,005г таблетка әр 2-3 сағат сайын 40мг дейін беріледі. 0,005 құрғақ стерильді ұнтақ 5%-500мл- Глюкоза ерітіндісімен араластырылып тамшылатын көктамыр арқылы енгізіледі. Жанама әсері тахикардия, А/Қ төмендеуі, қант құрамының жоғарылауы.
Миотропты спазмолитиктер: магний сульфаты. Миометрия жиырылуын тежейді (б/е немесе к/т енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет