Фармакология негіздері



бет72/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Майда еритін дәрумендер:
1. Ретинол – Витамин А. Көру пигментінің құрамына кіреді. Жетіспегенде Ақшам соқыр ауруы болады (куриная слепота). Инфекциялы ауруларда, тұмауда, терінің, сілемей қабаттардың зақымдануында, асқазан ауруында қолданылады.
2.Эргокальцеферол – Витамин Д2. Са мен фосфор алмасуын қадағалайды. Рахитте, остеопарозда, тері және сүйек ауруларында қолданылады. Д витамині жетіспеушілігі күннің көзіне шықпағанда болады. Д витамині азайғанда сүйектің дамуына қажетті калций мен фосфор сіңбейтіндіктен рахит ауруы дамиды.
3.Токоферол – Витамин Е. Бұлшықет дистрофиясында, жүрек, бауыр ауруында, түсік болу қаупінде, жыныс бездерінің жұмысының бұзылуында қолданылады.
4. Витамин К - препараты Викасол коагулянтты әсері бар. Қанның ұюын жоғарылатады. Қан кеткенде қолданылады.


Гормонды дәрілер
Гормондар – ішкі секреция бездері бөлетін биологиялық белсенді заттар. Гормондармен емдеу орынбасу терапиясы деп аталады.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде түзілетін гормондар:
1. Адренокортикотропты гормон (АКГГ)
2. Өсу гормоны
3. Лактогенді гормон (сүт шығаруға қатысатын гормон)
4. Тиреотропты гормон – ТТГ (қалқанша безі гормонының түзілуін күшейтеді)
5. Гонадотропты гормон.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормонды препараттары: Соматотропин, Пролактин, Тиротропин, гонадотропин (менопаузалық және хорионикалық гонадотропин).
Гипофиздің артқы бөлігінде түзілетін гормондар: Окситоцин, Вазопрессин (антидиурездік гормон). Вазорессин жетіспегенде несеп шығу күшейеді.
Препараттары: Окситоцин, Питуитрин, Адиурекрин, Гифотоцин
Қалқаншабезі гормондары: Тироксин, Трийодтиронин, Кальцитонин.
Қалғанша безі қызметінің бұзылуында дамитын аурулар:
Кретинизм - туа біткен қалқаншабезі гормон жетіспеушілігі.
Микседема - жүре біткен қалқаншабезі гормоны жетіспеушілігі.
Эндемиялық зоб - қалқаншабезі гормондарының түзілуіне қажетті йодтың жетіспеушілігінен пайда болатын ауру.
Қалқаншабезі гормоны жетіспеушілігінде Тиреоидин, Трийодтиронин, калий йодиді, L-тироксин, кальцитонин препараттары қолданылады.
Зобта: Калий йодиді, Йодомарин, Йодбаланс, Антиструмин қолданылады.
Қалқанша безі гормон түзілуін төмендетуге: мерказолил қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет