Фармакология


Энфлураин, изофлуран, десфлуран



бет109/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200
Энфлураин, изофлуран, десфлуран - құрамында фторы бар анестетиктер. Әсері фторотанға ұқсас, миорелаксациясы айқын байқалған, барлық жанама әсерлері аз байқалады.
Флороксен - наркозға енуі және одан шығуы тез, бірақ қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы жеткіліксіз, тұтанғыш препарат.
Хлороформ - қазіргі таңда қолданылмайды, еріткіш және экстрагент ретінде пайдапанады.
Хлорэтил - улы, наркоз үшін қолданылмайды, қайнау температурасы төмен (12 °С), криотерапия үшін жергілікті қолданылады - теріге енгізгенде салқындату мен сезімталдықтың төмендеуін тудырады.
Nitrogenium oxydulatum - азот тотығы («көңіл сергітетін газ» - аз концентрациясында мас болу сезімін, эйфория мен жеңіл ұйқы шақырады): сұр түсті металл, баллоншада шығарылатын жағымды иісі бар түссіз газ. Эдетте 70-80% азот тотығы мен 20-30% оттегінен тұратын қоспасы қолданылады. Наркоз тез басталады, қозуы жоқ (маскүнемдікте болады), наркоз жеңіл басқарылады, бірақ үстірт (наркотикалық белсенділігі төмен), оянуы ингаляцияны тоқтатқаннан кейін бірден пайда болады. Азот тотығының анальгетикалық әсері айқын, күштілігі жағынан морфинмен бірдей, сондықтан босануда ауырғанды сездірмеу үшін, миокард инфарктында, ауыр жарақаттарда, түсікте, операциядан кейінгі ауырсынуларда, хирургиялық стоматологияда қолданылады. Базистік наркозбен, нейролептоанальгезияда наркоз үшін фторотанмен қоспасы қолданылады. Азот тотығының өзі жанбайды, жануды үдетеді, эфирмен, циклопропанмен және хлорэтиленмен бірге қоспасы қауіпті жарылғыш болып табылады. Азот тотығының мөлшерін асырғанда гипоксия дамиды. Ұзақ ингаляцияда лейкопения мен мегабласты анемия шақырады.
Циклопропан - отқа қауіпті, қауіпті жарылғыш, бездердің секрециясын күшейтіп, ауыр аритмиялар шақырады, АҚ-ы жоғарылатады және қансырауды күшейтеді, бірақ күшті ауырсынуды сездірмейтін әсері бар.
Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілер
Тһiopentalum-natrium - тиопентал-натрий (Б): 0,5 және 1,0-20 мл флаконда - өзіне тән иісі бар сарғыш немесе сарғыш-жасыл түсті, ұсақ кеуекті құрғақ масса. Ерітіндіні иньекцияға арналған залалсыздандырылған (стерильденген) суда қолданар алдында (ех іетроге) дайындайды. 2,0-2,5% еріт. к/т (коллапс тудырмау үшін) өте баяу енгізеді. Препаратты енгізу уақытында наркоз басталып, қозу кезеңінсіз, 20-25 минутқа созылады, ал наркоздан кейінгі ұйқы ұзақ болады. Тиопентал-натрий алғашқы наркозда, терең анальгезияны қажет етпейтін қысқа уақытты операцияларда, сондай-ақ психомоторлы қозуды басу үшін және тырысу ұстамаларында қолданылады. Тиопентал-натрий мен оның аналогтары ауырсынуды өте нашар басады; наркотикалық әсерінің кеңдігі аз; кезбе жүйкесінің тонусын жоғарылату, нәтижесінде бпонхо - және ларингоспазмға, сапивацияның күшеюіне (басу үшін операциядан апдын атропин енгізіледі), тыныс алу мен жүрек қызметінің тежелуі немесе тоқталуына және гипотонияға алып келеді. Тиопентал-натрий және басқа да барбитураттарды бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылысында қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет