Предион- қүрылысы стероидты, наркоздың үзақтығы 30-40 минут, қан тамыр қабырғасын тітіркендіріп, тромбофлебит тудыруы мүмкін, қолданылуы шектеулі.
Альфаксолон - әсері қысқа, көбінесе аллергиялық реакциялар тудырады.
Этомидат- наркоз 4-8 мин. созылып, қүсу, тырысу, АҚ-ң өзгеруін тудырады.
Пропофол - наркоз 8-10 мин. созылып, АҚ-ы төмендетеді, тыныс алуды тежеп, бүлшық еттердің тартылуын шақырады.
2. Этил спирті Этил спирті резорбтивті әсерінде наркозға арналған дәрілер тәрізді, ОЖЖ-не тежегіш әсер көрсетеді. Спирт наркоз үшін қолданылмайды, себебі наркотикалық әсерінің кеңдігі өте тар және наркоздың агональды кезеңіне тез өтеді, ал қозу кезеңі керісінше ұзақ болады. Сонда да спирттің анальгетикалық қасиетін медициналық тәжірибеде пайдаланады: этил спирті шокқа қарсы сүйықтықтардың құрамына кіреді. Спиртті жергілікті қолданғандатітіркендіргіш, бырыстырғыш және антисептикапық әсері бар, сондықтан медицинада тек антисептикалық және тітіркендіргіш дәрі ретінде қолданылады («Антисептиктер» тақырыбына қараңыз). Спирттің ағзаға резорбтивті әсері келесі белгілермен байқалады:
-этил спирті бас миының қыртысында тежеу процесін күшейтеді, ол эмоциональды қозуға, мидың аналитикалық қызметінің төмендеуіне және эйфорияға алып келеді; үзақ қолданғанда үйренгіштік, дәріге тәуелділік пайда болады;
-спирттің төмен концентрациясында (20% дейін) тәбет ашады, асқазан бездерінің секрециясын күшейтеді, бірақ жоғары концентрациясында ас қорытатын ферменттерді астың қорытылуын бүзады;
- этил спирті терінің қан тамырларын кеңейтіп, жылу бөліну мен жылу берілуді күшейтеді, сол себептен жылу өнімінің артуына қарамастан, дене қызуы төмендеп, қоршаған ортаның төменгі температурасында тез салқындайды;
- этил спирті антидиуретикапық гормонның өнімін темендетіп, несеп айдайтын әсері бар;
- этил спирті жоғары калорияға ие: 1 г тотыққанда 7,1 ккал жылу беледі (1 г көмірсу 4,2 ккал, 1 г май 9,0 ккал бепеді), сондықтан кейде спиртті әлсіреген науқастарды парентеральды коректендіру үшін пайдаланады. Алайда спирт қорда (депода) сақталмайды және пластикапық зат болып табылмайды, яғни ағза ұлпаларының жасалуына қатыспайды, ол созылмалы улануға алып келуі мүмкін.
Фармацевтикалық өндірістерде спиртті тұндырма, сығынды, сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер дайындау үшін кеңінен қолданылады.