Фармакология



бет147/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200
Байланысты:
Фармакология

9.  1 – адреноблокаторлар (метопролол, атенолол) – жүрек жұмысын жеңілдету үшін және тахикардияда қолданылады.
10.  алмастырушы және тұзды ерітінділер, натрий гидрокарбонаты –қышқыл-негіздік тепе-теңдікті реттеу үшін, глюкоза ерітіндісі инсулинмен бірге – жүректі қоректендіру үшін тағайындалады.
Гипотензивті дәрілер
Гипотензивті (антигипертензивті) дәрілер артериялық қан қысымын төмендету үшін белгіленеді. Олар көбінесе артериялық гипертензияда қолданылады. Артериялық қысымның деңгейі көптеген факторларға: жүрек жұмысына, шеткерлік қан тамырлардың тонусы мен оның тұтқырлығына, қан айналымының көлеміне, электролиттің құрамы және тұтқырлығына байланысты. Мұның барлығы нейрогуморальды бақылаумен реттелініп отырады. Әсер ету механизміне қарай гепотензивті дәрілерді келесі топтарға жіктейміз.
Жүрек– қан тамыр жүйесіне адренергиялық иннервацияның күшін төмендететін дәрілер (антиадренергиялық, нейротропты дәрілер):
А) транквилизаторлар және тыныштандыратын дәрілер;
Б) орталыққа әсерлі нейротропты дәрілер; клофелин, (катапресан, гемитон, клонидин), метилдофа (допегит, альдомет), гуанфацин (эстулик) – тамыр қозғалтқыш орталығының  2- адренорецепторын қоздырып, ОЖЖнен симпатикалық импульстің өтуін төмендетеді. Одан возомоторлы орталығының тежелуінен, артериялық қысымының төмендеуіне алып келеді.
Clophelinum – клофелин (Б): 0,000075 және 0,00015 таб.түрінде шығарылып, 1таб.тәулігіне 2-4 рет: 0,01% 1 мл еріт.амп.шығарылып, т\а, б\е, 10-20 мл 0,9% NaCl еріт. (стационарда) к\т: 0,125%: 0,25% және 0,5% 1,5 мл еріт.тюбик тамызғыш–глаукомада көз тамшылары түрінде белгіленеді. Клофелиннің күшті гипотензивті әсері бар, мөлшерін жеке таңдайды. ОЖЖ–нің тежегіш әсеріне байланысты, тыныштандыратын, ұйықтататын әсері бар және дене қызуының төмендеуі байқалады. АІЖ–да жақсы сіңіріледі. Әсері 2-4 сағ.басталып, 4-6 сағ.созылады. бүйрекпен шығарылады. Гипертониялық аурулар мен гипертензивті кризде қолданылады. Ішке және парентеральды енгізіледі. Клофелинді ұйықтататын, психотропты дәрілермен және этил спиртімен бірге абайлап қолдану қажет. Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы (сілекей безінің секрециясы төмендеуінен), әлсіздік (ОЖЖнің тежегіш ісерінен) және іш қатуы байқалады. Клофелин ағзада Na+ иондарын және суды ұстап қалады, сондықтан диуретиктермен бірге қабылдау қажет. Айқын жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бас миындағы қан тамырларының айқын артеросклерозында, артериялық гипотонияда, маскүнемдікте, депрессияда және көлік жүргізушілерге қолдануға болмайды. Препаратты қабылдауды біртіндеп азайту қажет, себебі «доғару белгісі» (синдром отмены) (препаратты бірден доғарғанда АҚ едәуір көтеріліп, гипертензивті криз тудыруы мүмкін) пайда болады.
Methyldopha – метилдофа (Б); 0,25 таб.шығарылып, 1 таб.тәулігіне 2-3 рет мөлшерін біртіндеп жоғарылатады, тәулігіне 1,0 белгіленеді, тыныштандыратын әсері бар. Ішке енгізгенде әсері 4-5 сағ.соң басталып, 1 тәулікке дейін созылады. Ауыр жағдайларды к/т енгізіледі. Жанама әсері: ұйқының келуі, депрессия, ортостатикалық гипотензия, лейкопения және бауыр қызметінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Жіті бауыр ауруларында, феохромоцитомада және жүктілікте қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет