Фармакология


Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)



бет152/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200
Байланысты:
Фармакология

5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
Несеп айдаушы дәрілер негізінен ағзадан артық мөлшердегі суды шығарады, электролиттердің (NA+ және Cl+ ) реабсорбциясын (қайта сіңуі) төмендетіп, әртүрлі жағдайлардан пайда болған ісінулерді басу, АҚ- н төмендету үшін тағайындалады. Негізгі қолдану көрсеткіштері; артериялық гипертония кезінде АҚ- ы төмендету үшін (басқа гипотензивті дәрілермен), өкпе ісінуінде, ми ісуінде, химиялық заттармен уланғанда форсирленген диурез үшін. Диуретиктер несеп түзілудің барлық кезеңдеріне әсер етеді; фильтрацияға, секрецияға және түтікше реабсорбциясына. Олар қышқыл негіздік тепе теңдікті сақтап тұру үшін бүйрек қызметін реттеп, ағзаны ксенобиотиктерден тазартып тұрады.
1. Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер: дихлотиазид (гипотиазид, гидрохлортиазид, эзидрекс) циклометиазид, клопамид (бринальдикс), оксодолин (хлорталидон), индапамид (арифон, индап).
Бұл диуретиктердің әсері орташа, тәулігіне 1 рет (таңертең) ішке қабылдаайды. Негізгі әсері нефрон түтікшелерінің дистальды және проксимальды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді. Гипертониялық ауруларда, жүрек, бауыр және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, жүктіліктің токсикозында (нефропатия, ісіну, эклампсия) және етеккір алдындағы жағдайларда қолданылады. Жанама әсері; диспепсия; гипокалиемия ( алдын алу үшін калий хлоридін, «Аспаркам», панангин, құрамында калий бар диета: картоп, сәбіз, өрік, жүзім, түйе бұршақ, бұршақ, түйілген тары, сұлы жармасы, және де дихлотиазидтерді калий сақтағыш диуретиктермен бірге қолдану қажет); гипохлоремиялың алкалоз; гипомагниемия және гиперкальциемия; гипергликемия; гиперурикемия (подаграның күшеюі) байқалуы мүмкін. Ауыр бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, айқын бауыр зақымдалуында, қант диабетінің және подаграның ауыр түрінде қолдануға болмайды.
Dichlothiasidum дихлотиазид (Б); 0,025 және 0,1 таб. таңертең ас алдында белгіленеді. әсері 1-2 сағ.басталып,10-12 сағ.созылады. 4 күн үзілістен кейін 3-5-7 күндік ем тағайындалады. Карбоангидраза тежеуші әсеріне байланысты гидрокарбонаттың да реабсорбциясын төмендетеді. Калий иондарының секрециясы жоғарылайды. Магний иондарының экскрециясы бұзылады. Осы құбылыстар несеппен натрий, хлор, калий, магний иондарының және гидроккарбонаттардың ағзадан шығуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет