Фармакология



бет186/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   200
Lactinum-лактин; 100 және 200 ӘБ флакон құрамын 2-4 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/т енгізіледі. ЛТГ-ға (лактотропты гормон, пролактин) сәйкес келеді. Босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту үшін және гипогалактияда (сүт бөлінуінің азаюы) қолданылады.
Пролактин секрециясының ингибиторы бромокриптин (парлодел) мен лизурид (лизенил) болып табылады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен соматотропты гормонының және пролактиннің секрециясын азайтады. Акромегалияда, гастро-энтеропанкреатиндік жүйенің эндокриндік ісінулерінде, сүт безінің қатерсіз ісігінде, етеккірдің бұзылуында және бедеулікте қолданылады.
б) Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттары
Іntermedinum-интермедин: 0,05 және 0,1 флаконда, 1-2 мл еріткіште ерітеді; көз тамшысы - 3 тамшыдан; 0,2-0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кілегей қабығының астына инъекциялау үшін белгіленеді. Көздің көру қабілетінің өткірлігін арттырып, қараңғыға бейімделуін жақсартады. Көздің торлы қабығының дегенеративті өзгеруінде, гемеролопияда, жоғарғы дәрежелі миопияда және т.б. қолданылады. Пигмент алмасуын реттейтін меланоформды гормонға сәйкес келеді.
в) Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары
Окситоцин, питуитрин (<<Миометрияға әсер ететін дәрілер>> тақырыбына қараңыз) жатырдың бұлшық етін жиырады. Босанудың әлсіздігіне қолданылады.
Adiurecrinum-адиурекрин (құрғақ питуитрин) (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де – 20 ӘБ бар)-2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне, энурезде, мұрын қуысына енгізу үшін белгіленеді. Гипертониялық ауруларда қолдануға болмайды. Себебі, құрамында ағзада сұйықтықты ұстап қалатын, АҚ жоғарылату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар
.

  1. Қалқанша безі гермондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)

Қалқанша безінің гипофункциясында кретинизм (балаларда ой-қимылының жеткіліксіздігі) және микседема (үлкен жастағы адамдарда семіздік, ісінулер, психикалық дамымаушылық) байқалады. Қалқанша безінің гормондары негізгі зат алмасуды реттеп, энергетикалық процесін күшейтеді, ұлпалардың жетілуін және өсуін күшейтіп, ұлпалардың оттегіге сұранысын жоғарылатады. Тиреоидты препараттар гипотиреозда, микседема, эндемиялық зобта, семіруде, кретинизмде, қалқанша безінің ісігінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет