Фармакология


а) Иммуностимуляторлар (иммуноқуаттандырғыш дәрілер)



бет192/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   200
Байланысты:
Фармакология

а) Иммуностимуляторлар (иммуноқуаттандырғыш дәрілер)
Бұл топ препараттары жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, имнотопшалық жағдайда қолданылады.
1. Жануарлардан алынған иммуностимляторлар.
а) Тимус препараттары: Тималин, тактивин (Т-активин), тимоптин, вилозен–Т-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, жасушалық иммунитетті фагоцитозды, регенерация прцестерін күшейтеді. Ірі қара малдардың айырша безінен алынған сығынды препараттар. Созылмалы іріңді және қабыну процестерінде, созылмалы сепсисте, ұзақ уақыт созылатын микробтық, вирустық және саңырауқұлақ ауруларында, күйікте, ойық жараларында, онкологиялық ауруларының сәулелі химиотерапиясында, жарақаттан кейін және операциядан кейінгі жұқпалы асқынуларды алдын алуда қолданылады. Тималин (Тhymalinum): 0,01 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл 0,9% NaCl еріт. ерітіп, б/е; ал тактивин мен тимоптин т/а енгізіледі. Вилозен жоғары тыныс жолдарының аллергиялық ауруларында (полиноз, ринит,синусит), жергілікті мұрынға тамшы немесе интраназальды ингаляция түрінде енгізіледі. Кей жағдайда тимус препараттары аллергиялық реакциялар тудырады.
б) Жілік майының препараттары: миелопид (В-активин) В-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, гуморальды иммунитетті күшейтеді. Хирургиялық операциялардан, жарақаттардан, остеомиелиттен және басқа да патологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың асқынуларын алдын алу үшін қолданылады.
2. Бактериялардан алынған иммуностимуляторлар
Рибомунил және бронхо-мунал – жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, интерферонның синтезін арттыратын, спецификалық емес иммуностимяторлар болып табылады. Құлақ, тамақ, мұрын және бронх-өкпе аппаратының созылмалы ауруларында және олардың қайталауын алдын алу үшін қолданылады. Рибомунил – 3 таб. таңертең аш қарынға, бронхо-мунал 1 капс. таңертең аш қарынға белгіленеді. Бұл препараттар микробқа қарсы терапияның тиімділігін күшейтеді.
Продигиозан және пирогенал – эндогенді интерферон өнімін қуаттандырып, ағзаның гиперэргиялық реакциясын тудыратын бактериялардан алынған липополисахаридті кешен. Жұқпалы ауруларды кешенді емдеуде қолданады. Қабыну экссудаттарын, патологиялық тыртықтарды, жаралардың жазылуына жағдай жасайды. Препараттар дене қызуы көтерілуін, қалтырау, бас ауыру және буын ауруларын шақырады. Мөлшерін жеке таңдауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет