Фармакология



бет193/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   200
Натрий нуклеинаты – лейкопоэз және Т- және В-лимфоциттердің әсерлесуін қуаттандырып, фагоцитоз бен регенерация процесінің белсенділігін күшейтетін, ашытқы гидролизінен алынады. Лейкопения, агранлоцитоз, созылмалы қабыну ауруларының кешенді емдеуінде қолданылады.
Имудон – кептірілген бактериялар мен саңырауқұлақтардың лиофизирленген қоспасы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы қабыну ауруларында (афтозды стоматит, парадонтоз, гингивит, альвеолярлы пиорея және т.б.) ауыз қуысына салып соратын таблетка түрінде қолданылады. Фагоцитозды белсендіреді, иммунокомпетентті жасушалар санын арттыруға ықпал етеді, сілекейде лизоцимнің және интерферонның секреторлық А иммуноглобулиннің өндірілуін артырады.
ИРС-19 – лизоцим мен А типті иммуноглобулиннің құрамын жоғарылатып, фагоцитоздың белсенділігін арттыратын бактериялардың гидролизаты болып табылады. Құлақ, тама, мұрын – мүшелержәне тыныс алу мүшелерінің қабыну,жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін интраназальды спрей түрінде тағайындалады.
3. Рекомбинатты (гендік инженерия әдісімен алынған) иммуностимуляторлар.
Филграстим (нейпоген) және молграмостим(лейкомакс)колоние қуаттандырғыш өсу факторы болып табылады. Олардың әсерінен діңгек жасушаларынан әртүрлі қан жасушалары түзіледі. Филграстим белсенді нейтрофилдердің өндірілуін, өсуін және қанға шығарылуын күшейтеді. Нейтрофил саны төмендеуімен байланысты, жұқпалы ауруларды емдеу үшін және туа пайда болған нейтропенияда антибактериальды терапиямен бірге тағайындалады. Молграмостим гранулоциттердің, Т- лимфоциттердің және моноциттердің өсуін күшейтіп, фагоцитозды белсендіреді. Сепсисте, лейкопенияда, ЖИТС мен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылады.
Реаферон (альфа2 интерферон) және басқа да интерферондар вирусты инфекцияларда (гепатит және т.б.) және қатерлі ісікте (миелолейкоз, бүйрек өспесінде(рак) және т.б.) қолданылады.
Ронколейкин және беталейкин іріңді хирургияда және онкологияда химио- және радиотерапиядан кейінқолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет