Фармакология


Phenoxymethylpenicillinum



бет52/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   200
Phenoxymethylpenicillinum-феноксиметилпенициллин (Клиацил, Фау-пенициллин) (Б): 0,1 және 0,25 таб. тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1/2-1 сағат бұрын қабылдау қажет. Бензилпенициллиннен айырмашылығы қышқылға тұрақты яғни асқазан сөлінің тұз қышқылында бұзылмайды, АІЖ-да жақсы сіңіріледі. Орта дәрежелі инфекцияларда қолданылады. Жүрек айну, құсу, іш өту байқалуы мүмкін.
б) Әсері ұзақ препараттар. Bicillinum-1-бициллин-1 (экстенциллин, бензатин) (Б): 300 000, 600 000 ӘБ құрғақ зат флаконда-аптасына 1 рет; 1 200 000 және 2 400 000 ӘБ-2 аптада 1 рет енгізу қажет. Енгізер алдында флакон құрамын инъекцияға арналған суда немесе 0,9% NaCl ерітіндісімен араластырғанда суспензия түзіледі, сондықтан тек бұлшық етке енгізіледі. Препарат ревматизмді алдын алу және емдеу үшін, мерезді емдеу үшін қолданылады.
2. Жартылай синтетикалық пенициллиндер.
Oxacillinum-natrium-оксациллин натрий тұзы (Б): 0,25 және 0,5 таб. және 0,25 капс.-1-2 таб.(капс.)тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1сағ. алдын немесе тамақтан соң 2-3 сағ. соң қабылдау қажет. 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 4-6 рет б/е; флакон құрамын арнайы ерітіндіде (инъекцияға арналған суда) ерітеді; 5-10мл 0,9% NaCl еріт. ерітіп к/т баяу ағынмен, 250 мл 0,9% NaCl еріт. немесе 5% глюкоза еріт. ерітіп тамшылатып (1-2 сағ. бойы) к/т енгізіледі. Оксациллин пенициллиназаға тұрақты, бензилпеницилиннен айырмашылығы пенициллинтүзгіш стафилококктармен шақырылған инфекцияларда қолданылады, сонымен қатар қышқылға тұрақты.
Ампициллин тригидраты –
Табл шығарылады, 2 таб тәулігіне 2-6 рет тамақтың алдын –ала 250 мл 0,9% шығарылады.
Ампициллин натрий тұзы
Na Cl ертіндісімен - тамшылатып енгізіледі. Ампициллинің микробтарға қарсы әсерінің спектрі кең. Бензилпенициллин белсенділік көрсететін қоздырғыштарғ қоса, ампициллин грамм (-) микроорганизмдерге: сальмонелла ( іш сүзегі , паратиф , сальмонелез қоздырғыштары ); шигелла( дезинтерия қоздырғыштары); ішек таяқшалары ( эшерехиоз қоздырғыштары ), протей , Фридлендер таяқшалары ( пневмания клебсиелласы); инфлюэнция таяқшаларына әсер етеді. Ампициллин қышқылға тұрақты , бірақ пенициллиназа әсерінен жойылады. Аралас инфекцияларда тиімді , бірақ ұзақ емдеу кезінде суперинфекция шақыру мүмкін. Кандидамикозды алдын алу үшін нистатинді немесе леворинді бірге қолдану тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет