Фармакология


Б.Химиотерапевтикалық дәрілер



бет49/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   200
Б.Химиотерапевтикалық дәрілер.
Жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу ушін қолданылатын инфекция қоздырғыштарына әсер ететін препараттарды химиотерапевтикалық дәрілерге жатқызамыз. Химиотерапевтикалық дәрілердің негізін қалаушы неміс ғалымы П.Эрлих,ХХ ғасырдың басында мышьяктың бірнеше қосылыстарын синтездеп,оларды мерезде,кейбір қарапайымдыларға қарсы препарат ретінде қолданған Кейіннен сульфаниламидті препараттар(Домагк 1932 ж.) мен антибиотиктер алынған(А Флеминг,1929 ж.),ал 1940 ж.Флори мен Чейн пенициллиннің таза түрін апған.
Химиотерапевтикалық дәрілердің құрылысына қарай жұқпалы аурулардыңқоздырғышына таңдамалы әсеріне қарай төмендегіше топтарға жіктейміз:
1.Антибиотиктер.
2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер.
3.Туберкулезге қарсы дәрілер.
4.Спирохетозға қарсы(сифилислке қарсы) дәрілер.
5. Саңырауқулақтарға қарсы дәрілер.
6. Вирусқа қарсы дәрілер.
7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер.
8.Құрттарға қарсы( гельминтке қарсы) дәрілер.
Жұқпалы ауруларды толық емдеу үшін химиотерапияның негізгі принциптеріне сүйену қажет:

  1. Қоздырғышқа қарсы сезімталдығы жоғары препаратты таңдау;

  2. Емді дер кезінде бастау;

  3. Енгізу арасындағы дәл уақыт аралығын сақтай отырып препараттың тиімді мөлшерін қабылдау,

  4. Ауру белгілері жойылғанша және 2-3 күн артығымен (толық бактериологиялық айыққанша) емдеу.

  5. Қиыстырылған ем қабылдау,

6.Қажетті жағдайда алдын алу үшін емдеу кестесін қайталау;
1. Антибиотиктер
Антибиотиктер-әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған микробтан, өсімдіктен, жануарлардан алынған заттар немесе оның синтетикалық аналогтары. Медицинада антибиотиктер ереше орын алады. Антибиотиктер жайлы ғылым қарқынды дамып келе жатыр. Медициналық тәжірибеде әр жылы жаңа антибиотиктер ашылуда, зерттелуде, енгізілуде. Антибиотиктерді игерушілердің қатарында микробиологтар, фармакологтар, биохимиктер және барлық медицина мамандары бар. Анибиотиктерді биологиялық тегіне қарай микробқа қарсы әсерінің механизміне қарай және химиялық құрылысына қарай жіктелуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет