........................218 бет Жанама әсері: аллергиялық реакциялар.
2.Антифибринолитикалық дәрілер-фибринолизинге кедергі жасайды.фибринолиздің ингибиторлары плазминогеннің активаторларын бөгейді және плазминнің әсерін тежейді, фибринолиздің белсенділігін және кининдік жүйені тежейді. Гемостатиктер-ұю жүйесінің табиғи компоненттері тромбопластиннің түзілуін белсендіреді.
Бұл препарттар фибринолизиннің түзілуін тежейді. Қанның фибринолинді белсенділігі жоғарлауымен байланысты қан кетулерде \бауыр ауруларында, жіті панкреатитте\, хирургиялық операциядағы қан кетулерді алдын алу үшін, жаппай қан құюда және фибринолитикалық дәрілердің мөлшерін асырғанда қолданылады. Тромбозға, эмболияға бейімділікте, бауыр қызметінің бұзылуында және жүктілікте қолдануға болмайды.
Фибринолиздің синтетикалық ингибиторлары:аминокапрон қышқылы, транексам қышқылы (циклокапрон), амбен (памба). Acidum aminocapronicum-аминокапрон қышқылы: 5% 100 мл еріт флаконда шығарылып, к\т; 2,0-3,0 ұнт. ішке тәулігіне 3-5 рет белгіленеді.
Антиферментті препараттары: контрикал,гордокс-фибринолизиннің белсенділігін тежейді.
Conthrycal- контрикал;10 000 ӘБ флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша к\т тамшылатып белгіленеді.
Гормондар ішкі секреция бездер бөлетін биологиялық белсенді заттар. Олар геостазды қалыпты жағдайда ұстауда, ағзаның әр түрлі қызметінің гормондық реттелуінде маңызды қызмет атқарады. Гормонды дәрілер негізінен ішкі секреция бездерінің жеткіліксіздігімен байланысты емес әртүрлі патологиялық жағдайларда (глюкокортикоидтарды, қабынуға және аллергияға қарсы дәрілер ретінде) белгіленеді. Сонымен, бездердің гипофункциясында гормонды, ал гиперфункциясында антигормонды (антагонист) дәрілер белгіленеді. Гормонды препараттарды сондай-ақ эндокринді емес ауруларда да қолданылады.