Фармакология


Валацикловир және фамцикловир



бет75/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Валацикловир және фамцикловир – ацикловир аналогы, валацикловир АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзада ацикловирге айналады. Видарабин – жергілікті (жағылма, көз жағылмасы) қолданылады, ұшықты энцефалитте күре тамырға енгізіледі. Идоксуридин – көздің ұшықты жұқпалы ауруларында жергілікті (0,1% көз тамшылары) қолданылады. Теброфен – 0,5% көз жағылмасы, 2% және 5% жағылмасын зақымдалған тері аймағына жергілікті қолданылады. Риодоксол – 0,5% жағылма түрінде жергілікті тері және ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануында қолданылады.
3. Цитомегаловирусты инфекцияда қолданылатын дәрілер: ганцикловир (цимевен), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвин, триаптен). Цитомегаловирус (ұшық (герпес) вирусының тұқымдасына жатады) иммунитет тапшылық жағдайда пневмонияның ауыр түріне, гепатит, менингоэнцефалит, көз торының зақымдалуы, көзге қауіп тудыруы, АІЖ-ы мен бүйректің зақымдалуына алып келеді. Бұл препараттар ДНҚ вирусының синтезін бұзады. Кәдімгі ұшықта, белдеулі теміреткіде және АИТВ (ВИЧ) (адамдағы иммуннотапшылық вирусы) инфекциясында қолданылады. Екі препаратта күре тамырға, ганцикловир ішке, ал фосфоноформат 2% крем түрінде ұшықты зақымдалуда жергілікті белгіленеді. Препараттар улы болып келеді, тырысулар, бас ауыру, лейкопоэздің тежелуі байқалады, ганцикловирде гепатотоксикалық, нейротоксикалық және тератогенді әсер, жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы, ал фосфоноформатта нефротоксикалық және гипокальциемия байқалуы мүмкін. Жүктілікте, лактацияда, жоғары сезімталдықта қолдануға болмайды.
Gancyclovir – ганцикловир – 0,5 құрғақ заты флаконда – нұсқауы бойынша к/т; 1,0 капс. – күніне 3 рет.


4. Адамдағы иммунотапшылық вирусына (АИТВ) әсер ететін дәрілер: азидотимидин (зидовудин, ретровир), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвир, триаптен), ганцикловир (цимевен). Адамдағы иммунотапшылық вирусы ретровирс тұқымдасына жатады. Препараттар ауру белгілері байқалғанға дейін тиімді. Әсер ету механизмі: АИТВ- протеиназа ферментін және қайтымды транскриптазаны тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет