Фармакология


Remantadinum – ремантадин (Б)



бет74/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Remantadinum – ремантадин (Б): 0,05 таб. – 2 таб. шығарылып, 1-ші күні 3 рет, 2-ші және 3-ші күні 2 рет, ал 4-ші күні 1 рет тамақтан кейін; тұмауды алдын алу үшін – 1 таб. күніне 1 рет 10-15 күн бойына тағайындалады.
Oxolinum – оксолин (Б): 0,25% жағылма түрінде тұмауды алдын алу үшін, оны мұрынның шырышты қабықшасына тәулігіне 2 рет жағады; 0,2% жаңа дайындалған ерітінді аденовирусты конъюнктивитте көз тамшысы түрінде (күніне 5-6 рет): 0,25% жағылма түрінде көздің қабағына түнде жағу үшін. Жанама әсері: тітіркендіріп, күйдіргіш сезімін тудыруы мүмкін. Оксолин сондай-ақ терінің вирусты ауруларында (кәдімгі ұшық, белдеулі теміреткі) 1%, 2% және 3% жағылма түрінде қолданылады.
Тұмауға қарсы дәрілерге сондай-ақ әсер ету механизмі басқа да препараттар жатады:
Арбидол – тұмау вирусының А және В түріне тежегіш әсер етіп, интерферонның, жасушалық және гуморальды иммунитеттің өндірілуін күшейтіп, алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады.
Рибамидил (рибавирин) – РНҚ және ДНҚ вирусының синтезін тежейді. Тұмау вирусының А және Б түріне, ұшық, қызылша, жел шешек, гепатит А және В вирустарына әсер етеді. Жанама әсері: асқазан тұсының ауырсынуы, метеоризм, қандағы тікелей емес билирубиннің жоғарылауы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жіті бауыр және бүйрек аурулары, тиреотоксикоз, жүктілік.
Ribamidil – рибамидил (Б): 0,2 таб. – 1 таб. күніне 3-4 рет тамақтан соң тағайындалады.
Interferonum leicocyticum – лейкоцитарлы интерферон – 2 мл флаконда құрғақ ұнтак түрінде шығарылып, ампула құрамын 2 мл суытылған қайнаған су қосып, ерітіндіні әр мұрын қуысына 5 тамшыдан тәулігіне 2 рет немесе ингалятор көмегімен белгіленеді. Тұмауды, ЖРВИ (ОРВИ) және көздің вирусты ауруларды алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Интерферон адамның вирусқа қарсы иммунитетінің табиғи факторы болып табылады.


2. Ұшықты зақымдануларда қолданылатын дәрілер: рибамидил (рибавирин), ацикловир (зовиракс, виролекс), валацикловир (валтрекс), фамцикловир (фамвир), видарабин, идоксуридин (керецид), теброфен, риодоксол. Әсер ету механизмі: барлық препараттар вирустың нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады.
Acyclovir – ацикловир (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 4-5 рет; 0,25 құрғақ заты флаконда – 50-100 мл 0,9% NaCl ерітіндісімен к/т тамшылатып, әр 12 сағ. сайын 3% көз жағылмасы тюбикте, 5% 4,5 және 5,0 крем тюбикте шығарылып, зақымдалған жерге жағу үшін белгіленеді. Кәдімгі ұшықта, ұшықтық кератитте, генитальды ұшықта, жел шешекте қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, бас ауыруы, тері бөртпелері, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, жергілікті – тітіркендіргіш әсер, ал к/т енгізгенде флебиттер байқалады. Жүктілікте қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет