Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері


Ұйықтататын дәрілер,әсерінің механизмі.Ұйқының құрылысына әсер етуі. Ұйықтататын дәрілер



бет15/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Farm 2 kurs

4.Ұйықтататын дәрілер,әсерінің механизмі.Ұйқының құрылысына әсер етуі. Ұйықтататын дәрілер ұйқыны,ұйықтауды және ұйқының қажетті тереңдігі мен ұзақтығын қамтамасыз етеді,ұйқысыздықты емдеу үшін қолданылады.Ұйқының 2 кезеңі болады:жылдам басталатын ұйқы және баяу басталатын ұйқы.Баяу басталатын ұйқыда ағзада зат алмасу,бездің секрециясы,биологиялық белсенді заттардың бөлінуі,артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады.Бұл саты ұйқының 75% құрайды.Жедел ұйқы кезіңінде адам түс көреді,ол қайталанып отырып,ұйқының 25%құрайды.Ұйқысыздық әртүрлі психикалық ауруларды,невроздарды шақыруы мүмкін.Сол себептен ұйқысыздық жағдайда ұйқының тіртібін бұзбас үшін күндізгі ұйқыдан бас тартып және кешке ұйықтар алдында серуендеп,тыныш ұйықтауға жағдай қажет.Егер де бұл тәсіл тиімді болмаған жағдайда,ұйқы бұзылысын реттеу үшін ұйықтататын дәрілер қолданылады. Ұйықтататын дәрілер ұйқының қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етеді. Ұйықтататын дәрілер ретінде әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттарды қолданады.Ұйықтататын дәрілердің жіктелуі:а)Барбитур қышқылының туындылары:Фенобарбитал,Этаминал-натрий,Эстимал,Циклобарбитал.Циклобарбитал-диазепам.б)Бензодиазепин туындылары:Нитразепам,Флунитразепам,Триазолам,Мидазолам,Флуразепам,Лоразепам,Темазепам.в)Басқада.химиялық.қосылысты.дәрілер:Зопиклон,Золпидем,Доксиламин,Бромизовал,Метаквалон,Геминейрин,Хлоралгидрат,Натрий оксибутираты,Фенибут.Ұйықтататын дәрілік заттардың әсер ету механизмі ОЖЖ-ң табиғи тежеуші ГАМҚ(гамма-амино май қышқылы)медиаторының тежейтін әсерінің күшеюімен байланысты. Ұйықтататын дәрілік заттар ретикулярлы формациядан бас миының қыртысына өтіп жатқан белсенді импульстарды әлсіздендіреді.Ұйқы келу процесі бұзылуында әсері қысқа дәрілер белгіленеді.Ұйқы келу процессі бұзылуынан басқа,ұйқы шала және ол жиі оянып,қорқынышты түс көруде әсері ұзақ ұйықтататын дәрілер белгіленеді.Егер ұйқы тез оянумен өтетін жағдайға,оянған кезде әсері қысқа немесе ұйықтар алдында әсері ұзақ дәрілер белгіленеді.Фармакологиялық әсері-аз мөлшерде тыныштандыратын,ал орташа мөлшерде ұйықтататын,тырысуға қарсы,анксиолитикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.Ұйықтататын дәрінің әсері-бұл екі жүйенің өзара байланысып,гипногенді жаққа ауысуымен болады.Шынымен көптеген ұйықтататын дәрілер,мыс барбитураттар ми бағанасының белсендіргіші жоғарылаған торлы құрылымына тежегіш әсер көрсетеді,бұл ұйқының дамуына әкелуі керек.Соңғы жылдары эндогенді заттар табылған-ол гипногенді,ұйықтататын әсері бар ағзадағы пептидтер.Ол пептидтер ұйқы механизмін ашуға және жаңа ұйықтататын дәрілер ісдестіруге мүмкіндік беріп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет