Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері



бет11/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
Farm 2 kurs

9. Холиномиметиктер дегеніміз не?
Холиномиметиктер жалпы екі топқа бөлінеді. Олар М,Н- холиномиметиктер.
М-холиномиметиктер ОЖЖ және ішкі мүшелердің М-холинорецепторларын таңдамалы қоздырады. Жалпы бұл топқа пилокарпин, ациклидин, мускарин дәрілер жатады.
Н- холиномиметиктер. Н- холиномиметикалық әсері каротидті шумақтың симпатикалық және парасимпатикалық ганглиилердің және бурек усті безінің ми қабатының нейрондық Н-холинорецепторларының агонистеріне тән.
Н- холиномиметиктер – тыныс орталығын рефлекторлы қуаттандыратын Н- холиномиметиктер өсімдік тектес болып келеді. Бұл топқа жататын дәрілер: цитизин, лобелин.


10. Холиноблокаторлар дегеніміз не?
М-холиноблокаторлар холиномиметиктер тобының дәрілік құралдарының және ацетихолин медиаторының бәсекелес антогонисті болып табылады. М-холиноблокаторлар холинергиялық синапстардың қызметин бұза отырып, медиаторлық жүйенің дисбалансын тудырады, парасимпатикалық жүйке жүйесінің мүшелерге әсерін тоқтатады, ол симпатикалық әсерлердің басым болуымен сипатталады.


13.Ганглиоблокаторлар. Әсерінің механизмі. Клиникада қолданылуы. Жағымсыз әсерлері.
Ганглиоблокаторлар вегативтік түйіндердің, бүйрек үсті безінің ми қабатының және каротидті шумақтардың нейрональдық - холинорецепторларына ацетилхолиннің әсер етуіне кедергі жасайды, қанқа бұлшық етінің - холинорецепторларына әсер етпейді.
Ганглиоблокаторлар артерияларды және веналарды кеңейтеді, ортостатикалық гиотензия тудырады, прекапиярлық қыспақтарды босаңсытады, шокта, инфекциялық уыттануда күйіктерде, пневмонияда, ұлпалардағы микроциркуляциямен қан айналымын жақсартады.
Жүрекке дейінгі және жүректен кейінгі күшті төмендетеді. Сол жақ қарыншаның жиырылғыштық қызметін жақсартады.
Ортостатикалық коллапс, стенокардия ұстамалары, атониялық іш қату,несептің іркілуі, терінің құрғауы, ауыз қуысының, жұтқыншақтың құрғауы, қарашықтардың кеңеюі, көз іші қысымының жоғарылауы, аккомодацияның салдануы. Үшіншілік аминдер ОЖЖ өтеді және діріл, ойлау және есте сақтау қабілетінің бұзылуын тудыруы мүмкін. Уланғанда психомоторлы қозумен тырысулар пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет