Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері


Дәрілердің фармакокинетикасы.Оның практикалық медицинада маңызы.Доза.Дозаның түрлері.Терапиялық кеңдік.Фармакокинетика



бет2/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Дәрілердің фармакокинетикасы.Оның практикалық медицинада маңызы.Доза.Дозаның түрлері.Терапиялық кеңдік.Фармакокинетика-ағзадағы дәрілік заттардың тағдырын зерттейді,яғни дәрілік заттардың сіңірілуі,таралуы,биотрансформациясы(заталмасуы)және ағзадан шығарылуын зерттейтін фармакологияның бір бөлімі.(грек тілінен аударғанда pharmacon-дәрі,kineo-қозғалу).Фармакокинетиканы зерттеу медицина тәжірибесіне биологиялық орталарда,яғни газды сұйықтықты хроматография,радиоиммунды және фермент-химиялық тәсілдерді енгізу арқылы дәрілік заттардың мөлшерлерін анықтауға мүмкіндік туғызды. Фармакокинетикалық мәліметтердің негізінде дәрілердің дозалары,енгізу жолдары,дәрілерді тағайындаудың ұзақтығы мен тәртіптері анықталады.Ағзаның биологиялық ортасындағы дәрілік заттардың құрамын үнемі бақылау фармакотерапияда уақытылы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.Доза(мөлшер)-организмге енгізілетін салмақтық,көлемдік немесе биологиялық белсенділік өлшемімен көрсетілетін дәрінін мөлшері.Мөлшерді граммен немесе грам үлесімен белгілейді.Препаратты өте дәл есептеу үшін олардың мөлшерін дененің 1кг салмағына есептейді.Жекелеген жағдайларда затты мөлшерлегенде,дене беткейінің көлеміне сүйенуді жөн көреді.Барлық дәрілік заттардың емдік,уытты,өлімдік дозалары бар.Емдік доза-дәрілік заттың емдік әсер беретін мөлшері.Уытты доза-зерттеулерде байқалатын уыттану әйгіленісі немесе улануды беретін мөлшері.Өлім дозасы-зерттеулерде байқалатын өлімге апаратын мөлшері.Жоғары реттік мөлшер(ВРД)-асырғанда уытты әсер көрсететін,1 қабылдауға арналған мөлшері.Жоғары тәуліктік мөлшер(ВСД) асырғанда уытты әсер көрсететін,1тәулікке арналған мөлшер.Орташа терапевтикалық мөлшер,жоғары реттік мөлшердің1/2немесе1/4 бөлігі.Дәрілік терапияның түрлері.Этиотропты терапия-аурудың себептерін жоюға бағытталған.Патогенетикалық терапия-ауру процесін қысқартуға және асқынуларды болдырмауға бағытталған.Симптоматикалық терапия-аурудың жеке белгілерін жоюға бағытталған.Орын басу терапиясы-ағзада гормондар,ферменттер жетіспеушілігінен туатын ауруларға қарсы қолданылатын терапия.Ол кезде гормондар,оның аналогтары және ферменттік препараттар қолданылады.Профилактикалық терапия алдын алу мақсатына бағытталған.Мыс.антисептиктер,дезинфекциялық және вирусқа қарсы дәрілер.Дәрілердің терапевтік ауқымы-бұл орта ж\е кең үлкен емдік дозалар арасындағы диапазон.емдік индекс-ЕД50 әсерлі дозасының ӨД50 өлім дозасына ара қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет