Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті



бет1/4
Дата23.07.2022
өлшемі420,11 Kb.
#37868
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті.

Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті.

Сабақтың мақсаты :

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерліктерін талқылау

Фашисттік милитаристік топтардың билікке келуі,әлемдік үстемдікке ұмтылуы

  • ХХ-ғасырдың 30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.
  • Зерттеудің өзектілігі. ХХ ғасыр адамзаттың ғылыми, әлеуметтік және ұлттық прогресс жолында ғаламат табыстарға жетуімен есте қалды. Сонымен қатар, бұрын белгісіз болған фашизм және әлемдік соғыстар сияқты жойқын құбылыстарды да атап өтпеске болмайды. Бұл құбылыстардың экономикалық, саяси және идеологиялық түп-тамыры әлі толық зерттеліп болған жоқ.
  • Капиталистік дамудың біртекті болмауы мемлекетаралық қатынастарға да әсер етті. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ұлттық монополистік топтардың капитал салу аймағы, шикізат көздері мен

жұмыс күші үшін бәсекелестік күресі қарқынды жүре бастады. Осындай жағдайда аса белсенділік көрсеткендер әлемді бөлісуден құр қалған мемлекеттер болды. «Күн шуағы астындағы жер» үшін ірі державалардың бәсекелестігі тек экономикалық және дипломатиялық жолмен ғана емес, таза әскери тәсілдер арқылы жүрді. Осыған байланысты ол мемлекеттердің экономикасы мен қоғамдық өмірінің милитаризациялануы қарқынды жүрді, соғыс пен зорлықты ақтайтын түрлі идеялар мен теориялардың таралуы басталды.

  • жұмыс күші үшін бәсекелестік күресі қарқынды жүре бастады. Осындай жағдайда аса белсенділік көрсеткендер әлемді бөлісуден құр қалған мемлекеттер болды. «Күн шуағы астындағы жер» үшін ірі державалардың бәсекелестігі тек экономикалық және дипломатиялық жолмен ғана емес, таза әскери тәсілдер арқылы жүрді. Осыған байланысты ол мемлекеттердің экономикасы мен қоғамдық өмірінің милитаризациялануы қарқынды жүрді, соғыс пен зорлықты ақтайтын түрлі идеялар мен теориялардың таралуы басталды.
  • 1914-1918 жылдары болған Бірінші дүние жүзілік соғыс және ол аяқталған соң әділетсіз жасалған Версаль-Вашингтон жүйесі әлемді реттеудің орнына, халықаралық қатынастарды одан ары шиеленістіре түсті және Екінші дүние жүзілік соғысқа себеп боларлық тарихи алғышарттарды қалыптастырып берді.
  • Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін, оның аяқталмағандығы салдарынын, Еуропаны ұлтшылдықтың жаңа бір толқындары торлай бастады. Шекараның осы заманғы бейнелері, бейтарап алап, ұлттық диаспора, виза, кеден дегендер тұңғыш рет пайда болды. Еуропа мен Америка экономикасының үйлестірілмеген, келісімсіз өсуі салдарынан болған экономикалық торығу, нарықтың сыртқы экономика үшін жабықтығы, экономикалық томаға-тұйықтық, елдердің өздерін өздері қамтамасыз ету үрдістерінің етек алуы – осының барлығы жиналып, өмірге ұлтшылдықтың жаңа бір түрлерін алып келді. Германиядағы экономикалық құлдырау, Бірінші дүние жүзілік соғыстың нәтижелеріне наразы болған герман басшылығының кекшілдік кеудемсоқтығы жағдайында билік басына Гитлердің фашистік режимі келді де, Екінші дүние жүзілік соғысты бастады.
  • Бірінші дүние жүзілік соғыс пен Екінші дүние жүзілік соғыс аралығында тыныштықты сақтау жөніндегі келісімдердің көп жасалғандығы соншалық олардың санынан жаңылысасың. Алайда бір қарағанда бітімгершілік туралы салиқалы оңды қорытынды шығаруға жетелейтіндей көрінетін осы бір «келісім-шарттар торы» өрмекшінің торынан да әлсіз, үлбіреп тұрған бір нәрседей еді. Осындай келісімдер 115-ке жеткеннен кейін де Еуропа бейбітшіліктің камтамасыз етілгенін сезіне алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет