Байланысты: Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері
Ерлеркәсібі мен қолөнері Қазақ ауылдарында ерте замандағы шеберлердің дәстүрлерін жалғастырған зергер-ұсталар алтын және күмістен түрлі бұйымдар жасаумен айналысты.Ерлер қолөнері негізінен темір бұйымдар,киіз үйдің ағаш сүйектерін,ыдыстар,ұсталық,зергерлік, ағаш, сүйек, тас өңдеу шеберлігін қамтыды.Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге барлық ат әбзелдерін: тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, тартпа, үзеңгі, таралғы, қамшы, және т.б. жасап оларды әсемдеп-көркемдеп отырған.
Әйелдер негізінен жүн өңдеп, киіз басты, киім тігіп,тоқыма, кесте, өрнек салу, тері илеу мен тон пішумен шұғылданды.Үй кәсіпшіліктерінің ішіндегі негізгісі киіз басу болды.Киіз басу бірнеше кезеңнен тұрады: Алдымен жүнді дайындап алып, ши төсенішке жаяды.Содан кейін төсенішті орап, ыстық сумен ылғалдайды да, аяқпен және шынтақпен нығыздауға кіріседі.Бұған үнемі көп адам,әсіресе әйелдер қатысады. Ал қазақтардың бұрынғы киім-кешектеріне келсек олар киімді шұғадан, жүн және жібек маталарынан,киізден, аң терісінен тікті.Ер адам мен әйелдің негізгі сыртқы киімі шапан мен қамзол болды.Көктем мен күзде қазақтар бөрік киді.Қысқы баскиім тымақ деп аталды.Әйел баскиімдерінің ішінде ең құнды той киімі сәукеле болды. Орталық Азия мен Ресейдің сауда қатынастарын қазақ даласы арқылы дамыту XV ғасырдың екінші жартысы мен XVIIғасырдағы жаңа құбылыс еді.Ұлы Жібек жолы елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы.Жетісу өңірі-Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын қақпасы болды.Оңтүстік Қазақстан аймағы- Батысқа шығатын қақпалардың бірі.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы кезінде Ұлы Жібек жолының Ұлы даламен өтетін тармағындағы сауда жандана түсті.Бұл жол бойынша Еуропадан Қазақстанға әйнек және теңгелер, айна, шыны ыдыстар, түймелер мен қапсырмалар әкелінген.Ал Қазақстан жерінен оларға тері мен жүн, жылқы, қой тасылған.Отырар, Түркістан, Сауран қалаларының орнынан XVI-XVIIғасырлардағы қытай фарфоры,орыс және ортаазия теңгелері табылған. Суяб-Жетісудың аса ірі сауда және әкімшілік орталығы болды. Талхиз-транзиттік сауда орталығы,Іле Алатауының етегіндегі шағын қала. Испиджаб-Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қала,сауда және діни орталық.Қалада теңге сарайы, базарлар, мата сататын орындар және керуен-сарайлар көп салынған. Отырар-Сыр өңірінің ірі сауда және мәдениет орталығы. Сығанақ-Шығыс Дешті Қыпшақ үшін сауда айлағы және алғашқы қазақ билеушілерінің ордасы болды. Қорытындылай келе,қазақтың көшпелі қоғамының негізін қалаған мәдениет ежелгі дүниеден бастау алып келе жатыр.Содан бері қазақтың дәстүрлі мәдениеті мәдени-тарихи және этногенетикалық тұрғыда үздіксіз дамып келеді.Бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалардың бұл процесске тікелей қатысы болған.Олардың бай құндылықтарының қазақтың мәдени мұраларынан көрініс тауып, осы күнге дейін жеткендігі дәлелденген. Қазақтар көне дәуірден Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың рухани-материалдық мәдениетінің мұрагері.