Ғасырдың басында қазақтар жаппай егіншілікпен айналысуға мәжбүр болды



бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі66,33 Kb.
#123259
1   2   3
Қолданылған қосымшалар:
Қазақстан тарихы 2,7,8 бөлімдер EDUCON basylymdary Wikipedia.org

Тест
1.Киіз үйдің ағаш қаңқасы қанша бөліктен тұрады?
А)4 Ә)2 Б)3 В)5
2.Қыстау кезіндегі малдардың жаппай қырылуы қалай аталады?
А)жұт Ә)соғым Б)тұзақ В)күзеу
3.Киіз үйдің шаңырағы ненің нышанын білдірген?
А)аспан Ә)күн Б)жер В)ай
4. Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын қақпасы?
А)Жетісу Ә)Оңтүстік Б)Шығыс В)Батыс
5. Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі,сауда және діни орталық болған қала?
А)Сығанақ Ә)Отырар Б)Суяб В)Испиджаб

Глоссарий
1.Жұт- ауа-райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы.
2. Жібек – беті тегіс, жылтыр, қымбат мата.
3.Шұға – жұмсақ майда түкті жүн мата.
4.Құйысқан– ер-тоқым  аттың мойнына қарай жылжымас үшін ердің артқы жағы мен ат құйрығының астынғы жағын жалғастыратын қайыстан не былғарыдан әшекейлеп жасалған әбзел атауы.
5.Үзеңгі — ер-тұрман әбзелдерінің  бірі. Ердің екі қапталына қайыс бау арқылы тағылады.
6. «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан  деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. 
7. Қамзол әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Жағасы мен жеңі ойылмалы, белі қынамалы, етегі тізеден төмен болып келеді.
8. Қару – соғыс кезінде жаудың әскери күшін  жою үшін қолданылатын жарақтар мен қондырғылар.
9. Бөрік – қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. 
10. Тымақ— ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді


«Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер» кафедрасы

Контент-талдау

Тақырыбы: Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті

Дайындаған: Балғабай Назым
Группа: ФҚБ 01-23
Қабылдаған: Ибраимова Ақмарал

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет