Байланысты: Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері
Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері,яғни эко-жүйесі жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелей әсер еткен.Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады.Шамамен б.з.б мыңжылдықтың соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды.Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы көшпелі, отырықшылық, жартылай көшпелі тұрғыда дамыды.Көшпелілік түрінде мал жыл бойы жайылымда тебіндеп жайылды.Отырықшылық мал шаруашылығы халықтың бір жерде қоныстанып мал бағуы.Бұл дәстүрде мал белгілі бір аумақта бағылып,қорада ұсталған. Малшылар киіз үйде тұрды.Жыл мезгілдерінің ерекшелігіне қарай маусымды көші-қон жүйесі қалыптасты.Маусымды көші-қон дегеніміз: жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону.Маусымды көші-қон төрт мезгілге бөлінеді. Қысқы жайылым.Қыстау үшін көбінесе көл жағасы,өзен бойы таңдап алынды.Көшпелілер үшін ең қиын да мазасыз айлар қаңтар мен ақпан еді.Көшпелілерге малдың жаппай қырылуы-жұт үлкен апат әкелді. Көктемгі жайылым.Мұнда қыс бойы арықтап қалған мал көтеріліп,салмақ жинады,қой қырқу науқаны жүргізілді. Жазғы жайылым.Жас төлдер өсіп, жер көгерген кезде жайлауға көшкен. Күзгі жайылым.Күз келісімен малшылар күзеуге қарай көшті.Күзде халық жиналыстары өткізілді.Қазақтар негізінен қой,жылқы мен түйе өсірді.Төрт түлік ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген. Көшпелілердің киіз үй ,арба,ер-тұрман,қайқы қылыш т.б. жетістіктер ойлап тауып, әлемдік өркениетке қосқан үлесі зор. Ғасырдың басында қазақтар жаппай егіншілікпен айналысуға мәжбүр болды. Аң аулауда қолданылған әдістер: қыран құстар салу,құмай тазылар жүгірту,қақпан және тұзақ құру. Балық аулау дамыды ірі көлдер мен өзендерде,сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде.Ертіс пен Жайық балық көп ауланатын аймақ болды.
Егіншілік
Балық аулау
Аң аулау
Малшаруашылығы
Қазақтардың кәсібі
XVIIғасыр мен XX ғасырдың басында қазақтардың үй кәсіпшілігі мен қолөнерінде қалыптасқан дәстүр сақталып,үнемі жетілдірілумен болды. Киіз үй-қазақ халқының дәстүрлі баспанасы.Киіз үйде қазақтардың материалдық және рухани өмірі шоғырланған.Киіз үйдің ағаш қаңқасы: Бөлшектенетін торлы қабырғалар-керегеден; Дөңгелек төбесі-шаңырақтан; Шаңырақты ұстап тұратын иілген күмбездік-уықтардан құралады. Киіз үй кеңістігі бес бөлікке бөлінеді:ошақ,төр,еркектерге арналған құрметті орын,әйелдер бөлігі,босаға.Киіз үй көшпелі өмір үшін мінсіз баспана ғана емес,сондай-ақ ғаламның моделі болды.Киіз үйдің күмбезі-Аспанның,шаңырақ-Күннің,ошақ пен киіз үйдің дөңгелек кеңістігі Жердің нышанын білдіреді.