Хіх ғасыр қазақ әдебиеті пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет1/15
Дата25.11.2023
өлшемі56,46 Kb.
#126400
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ХІХ ғ. қазақ әдебиеті тәжірибе сабағының жоспары


«ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті» пәнінен тәжірибелік(семинар) сабақтардың жоспары


1- тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
ХІХ ғасыр әдебиетінің негізгі зерттеу нысаны. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар және оның басты әдеби сарыны. XIX ғасыр әдебиетіндегі саяси бағыттар мен көркемдік ағымдар.
Сабақтың мақсаты:
ХІХ ғасыр ақындарының шығармашылық ерекшеліктерін айыра білуге машықтандыру, әдебиет теориясынан алған білімдерін қолдану арқылы көркем шығарманы талдай білуге дағдыландыру


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:

  1. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиет пен оның басты әдеби сарыны. Әдеби ағымдар мен бағыттар. (Ұйымдастырушы топ) Слайд(заманауи форматта). 5-7 минут. 10 бет.

  2. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Отарлық басқару әкімшілік жүйесінің енгізілуі. (2 топ) Әдеби-тарихи, тарихи-сыни шолу. 10 минут (жазбаша нұсқада). 5 бет.

  3. Отаршылдық саясат мазмұнын жырлаған отарлық езгіге қарсы туған ақындық поэзиясы. Жыраулық поэзия үлгілерінің сақталуы. (3 топ) Әдеби сипаттама. 5-7 минут.

  4. ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті – сан жанрлы әдебиет. Жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрынан жаңа жазба әдебиетке дейін. (4 топ). «ПОПС» формуласы арқылы жүйелеу. 10 минут

  5. XIX ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері (5 топ) Тұлғалық кластерлер жасау. 10 минут.

  6. XIX ғасыр әдебиетін зерттеуші еңбектеріне сараптама. Хронологиялық кесте ұсыну. (6 топ) 5 минут.



Пайдаланатын дереккөздер:
1. Әдебиет тарихы. М.Әуезов. – Алматы, 1991.
2. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. – Алматы, 1992.
3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. – Алматы, 1999.
4. Омаров.Б.Отаршылдыққа қарсылық поэзиясы және ментальдік мәселесі. 08.11.2012 жыл // Зерде).
5. Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. А., 2000.
6. Омарұлы Б. Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы (генезис, типология, поэтика). фил. ғыл. докт. ...дисс.–Алматы, 2001.– 315 б.
7. Мырзахметов М. Отаршылдық дәуірдегі әдебиет (қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесі) // Жұлдыз.–1993, –№ 7.
8. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Ред. А.К.Ақышев, М.Х. Асылбеков т.б. – Алматы: Дәуір,1994.–448 б.
9.Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы). – Алматы: Санат, 1994. – 416 б.
10. Интернет дереккөздері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет