«Фауст» трагедиясы



Дата15.11.2023
өлшемі17,17 Kb.
#123662

«Фауст» трагедиясы (нем. Faust. Eine Tragödie.) —Иоганн Вольфганг Гёте жазған трагедия, екі бөлімнен тұрады: нем. Faust: der Tragödie erster Teil (Фауст, трагедия: Бірінші бөлім) және нем. Faust: der Tragödie zweiter Teil (Фауст, трагедия: Екінші бөлім). Иоганн Фауст атты неміс аңыздарының батыры, дәрігер, ортағасырлық тұлғаның шынайы өмірінің тарихына арналып жазылған белгілі шығарма.
Трагедия негізгі сюжетке еш қатысы жоқ театр директоры мен ақынның пьесаны қалай жазу керектігі туралы ұрыстарымен басталады. Бұл ұрсыста директор ақынға көрерменнің қатал екенін, оның еш пайдасы жоқ екенін және өз ойының жоқ екенін айтады. Және де көрерменді өнер әрқашан қызықтырмайды – кейбіреулері қойылымға тек өзінің жаңа көйлегін көрсету үшін келеді дейді. Сол себепті ұлы шығарма жазудың еш маңызы жоқ, себебі көрермендер оны бәрібір бағаламайды дейді. Бұның орнына қолымызда бар нәрсені алдыға салып, оны шығармадағы байланыстың жоқтығымен таң қалдырған дұрыс дейді.
Түрлі, ертеректе жазылған оқиғаларда Фауст жанын салған Фауст туралы әрекеттер қайталанып отырды. Солай «Халық кітабында» Фауст өзінің жанын әлемнің бақытына ие болу үшін сатады. «Фауст дәрігерінің трагедиялық оқиғасында» Кристофер Марло Фауст өзінің атын мәңгілік ету үшін жанын сатты. Оның дәрілері көпшілікке көмегін тигізсе де — ол өліден тіріле алмайды, сол себепті шайтанның көмегін сұрайды. Гётенің Фауст трагедиясында Фауст өмірге түңілумен қарайды, әлемдегі бар нәрсені, өтірік пен күмәннан бастап махаббат пе отбасына, үмітке дейін қарғайды, өзіне өзі қол салғысы келеді. Бірақ, ол одан да жаман Құдаймен соғысатын Мефистофель әлеміне келеді, Фауст одан құтыла ала ма екен? Бұдан кейін, өлім өміріне немқұрайлы қарайтын Фауст Мефистофельге өзінің жанын әлемдік ғанибетке ұшырау үшін үшін сатады. Келісім бойынша Фаусттың жаны Мефистофельге кетеді, сол кезде Фауст өз өмірінің сол мезетін дәріптейді.
Фауст туралы бұның алдындағы аңыздарда ол бірнеше рет үйленбекші болады, бірақ некеге қарсы болған Мефистофельдің қысымымен адасуға ұшырайды. Гётенің интерпретациясында Фауст пен Мефистофель арасындағы неке туралы болған қақтығыс туралы ештеңе жоқ. Оның орнына Мефистофель Фаусттың Маргаритаға қосылуына көмектеседі (бірақ бұл жерде неке туралы сөз жоқ), бірақ ол Фаусттың сезіміне сыншыл көзбен қарайды. Олар жеке кездесу мүмкіндігіне ие болу үшін, Фауст Маргаритаға ұйықтататын дәрі беріп жібереді, ол оны өзінің анасына беру керек екен. Бұл дәріні ішкеннен соң қыздың анасы қайтыс болады. Кейін Маргарита өзінің аяғы ауыр екенін байқайды, сондықтан оның Валентин деген ағасы Фаустты қуады. Фауст пен Мефистофель қақтығыс кезінде Валентинді өлтіріп, қаладан кетіп қалады, Фауст Маргаританы оның рухын шабашта көрмейінше есіне алмайды. Бұдан кейін Фауст қыздан көмек сұрауға барады. Бірақ Маргарита өздерінің қыздарын өлтіргені үшін сотталып кеткен екен. Маргарита қашуға келіспейді де, Фауст оны сол жерде өлім ауызына тастап кетеді.
ХVІ ғасырдың басында Гер­ма­ния­­­ның барлық қала­ла­ры­ның көшелерімен Иоганн Фауст деген адам емін-еркін серуендеп, өзін ең білгір доктормын деп таныс­тырып жүріпті. Ол туралы жұрт гу-гу әңгіме айтып, бі­реулер оны шын мәніндегі біл­гір доктор десе, енді біреулер оны шын мәнінде сиқырды то­лық меңгерген қара ілім иесі, ол хи­мик, астролог, адам біт­кен­ді арбаушы, қысқасын айт­қан­да, пері деп таныды. Фаустың өзі де мұндай әңгімені теріске шы­ғар­майтын, қайта, табиғаттың бар­лық құпиясы ол үшін ашық екеніне мақтанышпен қарайтын. Өзі­нің айтуынша, оның біл­мей­ті­ні, қолынан келмейтіні жоқ, қорғасыннан алтын жасай алады, адамдарды кез келген кеселден айықтыра алады, жұлдыздарға қарап адам тағдырын болжап бере алады, ең бастысы – мәңгілік өмірдің эликсирін жасаудың да құпиясын біледі.
Шын өмірде Иоганн Фауст медицина университетін бітірген соң мамандығы бойынша дәрігерлікпен айналыспай, ол кәсібін мүлдем тастап кетеді. Дәулетті адамдардың қараңғылығы мен аңғалдығын пайдаланып, олардың қалтасындағы алтындары мен ақшаларын қағуға машықтана бастайды. Ол – білімді көзбояушыға айналады.
Ел ішінде ғұлама доктор, сиқыршы, көзбояушы, жер мен көктің сырын білетін құдірет иесі туралы лақап қалыптасып, оның сайтанға жанын сату арқылы онымен құпия одақ құрған адам деген сөз жұрт санасынан берік орын ала бастайды.
Аңызы мен шындығы біте қайнасып кеткен осы тарих Гетені толғандырмай қоймады. Ол өзінің ең атақты «Фауст» атты поэма-трагедиясын жазуға кірісті.
Ал өмірдегі Фауст болса Еуропа тарихынан біржола ғайып болды. Ол қайда кетті, немен айналысып жүр, ешкім біле алмады. Әйтсе де, оның 1540 жылы қайтыс болғаны белгілі, бірақ оның өліміне ешкім сенген жоқ. Ол жанын шайтанға сатқан соң, соның еркіне біржола еніп, өліп қалса да тіріліп кеп, адамдар арасын аралап қайтады екен, тіпті қара плащ, қара шляпа киіп, ит жетектеп жүрген оны көрген адамдар да болыпты. Жетектеп жүр­ген иттері ит емес, бір кезде өзі жек көрген адамдарын итке айналдырып, ертіп жүреді екен деген лақап сөз тарады.
Дүниенің барлық құпиясын білмек боп, қанша әрекетке барса да, Фауст ол әрекеттерінен ештеңе шықпайтынына көзі жетеді. Барлық амалы таусылған Фауст ақыл-ойдың тұңғиығына тіреліп, «Адам баласы өз ақыл-ойымен дүниенің сырын біле алмайды» деген қорытындыға келеді. Оның осындай ойға тірелуі мұң екен, қара плащ, қара шляпа киген Мефистофель кіріп келеді. «Сен дүниенің барлық сырын білгің келсе менің шартыма көнесің. Ол үшін жаныңды маған сатуың керек» дейді Мефистофель.
Фауст келісім береді. Фауст пен Мефистофель құпия одақ құрған соң, ол Мефистофельдің екі аждаһа жеккен сиқырлы арбасына мініп қалалар мен далаларды, тау мен тасты, көк пен жерді қалауынша шарлап шығады. Тіпті құдіретті сиқырмен Троян соғы­сын да бері жылжытты, сол кездегі адамдардың арасынан Елена Прекраснаяны көріп, оған өзі ғашық та боп қалады.
Поэма сюжеті бойынша, аңыз кешіп жүрген Фауст та қартаяды. Жасы келген соң ол өмірдің мәні жайлы, өзінің сайтанмен байланысып арам одақ құрғанына өкініш білдіреді. Сайтанның азғыруымен адал жанын сатып, өз өмірінің түбіне өзі жеткені үшін өкініп, дүниенің сырын ашпақ түгілі, күннің батуы мен шығуының, бұлт пен найзағайдың пайда болу құпиясын бәрібір аша алмағанына өкініп, ұйқысыз жатқан түні Мефистофель келіп: «бәріне өзің кінәлісің. Сатқындық жолға өзің түсіп, азғыруға оңай көндің» дегенді айтады да ғайып болады.
Түн ішінде Фауст үйінің төбесінде алапат құйын тұрып, бөлме ішінен жыланның ысқырған үні естіледі.
Таңертең қызметшілер Фаустың өліп жатқанын көреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет