Ғазиз Байтасов – халық қаһарманы



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі23,23 Kb.
#22887
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
тәрбие сағаты

Кітаптардың көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылады.
«Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» « Қан мен жазылған кітап», «Солдат жолы»
Қанатты сөздер оқу.

Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас

Ел болам десең бесігінді түзе.

Қой бастаған арыстан тобынан,арыстан бастаған қой тобы артық.

Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады.

Мұратыңа жеткенше дос пен дұшпанға сыр берме.

Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.

Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.

Пышақтың жүзі өтпесе, сабы қанша жақсы болғанмен, түкке жарамайды. Алдымен жүзі өткір болуы керек

Өзің білмейтін адамдардың сыртынан ғайбат сөйлеп,обалына қалма.

Үлкенді ізетте,кішіні күзетте.

Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік жүріп өлген артық.


«Патриотизм», «ерлік», « батылдық», «табандылық», «өжеттілік қайсарлық» сөздерін парақшаларға бұл сөздердің мағынасын қалай түсінетінін сұрау
«Патриотизм» дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну.

«Ерлік» дегеніміз – адамның ең ұлы сезімін, азаматтық парызын орындау үшін саналы түрде қауіп – қатерге бас тігу.

«Батылдық» дегеніміз – қимыл – әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

«Табандылық» дегеніміз – батырлардың қалқаны

«Өжеттілік қайсарлық» дегеніміз– адамның мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.
Қорытынды сөз: «Ешкім батыр болып тумайды.Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады».Болашақта сендердің арқаларыңда осындай жетістіктерге әлі де жетеміз деп сеніммен айта аламын. Тәрбие сағатымызды батыр бабамыз Б.Момышұлының «Отанды сүйер ұлан болыңдар ! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!»деген даналық сөзімен аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет