Ғазиз Байтасов – халық қаһарманы



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі23,23 Kb.
#22887
түріСабақ
1   2   3
Абдинур, Назерке

Отанды біз атамекен Отанды әркім анасындай

Деп аялаймыз Қастерлейді бағалап
Өйткені оны мекен еткен Өйткені Отан баласындай
Бабамыз бен атамыз Өйткені Отан баласындай
Отанды жас,кәріміз де Бізді өсірер, аялап
Туған жер деп сүйеміз Отан деген- атамекен
Өйткені онда бәрімізде Отан деген- туған жер
Туып өмір сүреміз Отан-ана,Отан-үлкен

Галереяға саяхат. Ғазиз Байтасовтың суреттерімен таныстумен қатар өмірбаянымен таныстыру.

Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов - полиция капитаны, Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында қайтыс болды. Қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалды. Осы ерлігі үшін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді. Ғазиз 3 сәуір 1971 жылы Жамбыл облысы Түймекент ауылында дүниеге келген. Ғазиз Әбдібекұлы мектеп жасында әкесі Әбдібектен ерте айырылады. Мектеп бітірген соң жоғары білім іздеп 1997 жылы Қарағанды Политехникалық институтына түседі. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы ұлттық университетке түседі. Ғазиз 20 жыл құқық қорғау органында қызмет етеді. 2011 жылдың 12 қарашасында қылмыскердің қолынан қаза табады. Артында жұйбайы мен 2 ұлы қалды.


Енді Отанды сағынамыз, Отанды қастерлейміз, құрметтейміз. Жай сөзбен айта саламыз ба, әлде өзіміздің іс-әрекетімізбен Отанға деген патриоттық сезімімізді білдіреміз бе? Ол қандай іс-әрекеттер деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың жаубы)

– әскерге барып Отан алдындағы борышын өтеу.

– туған жердің табиғатын қорғау

– адал еңбегіңмен еліңнің көркеюіне үлес қосу

– білімгерлердің қазіргі міндеттері – білім алып, елінің болашағын жақсарту, дамыту үшін білім алу.

– еліміз үшін күрескен батыр бабаларымызды құрметтеу , олардың ерліктерін ұмытпай дәріптеу.


Еліміз үшін ерлік жасаған қандай тұлғаларды білесіңдер ? (Оқушылардың жауабы)
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Сұраншы, Райымбек, Малайсары, Олжабай, Жәнібек, Тілеуке, Саңырық, Сыпатай, Т.Бигелдинов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, И.В.Панфилов, Р.Қошқарбаев, М.Мәметова, Ә. Молдағұлова, Қ. Қайсенов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет