ХҮІ. Жоспар –бүкіл жұмысқа бағыт сілтеп, жөн көрсететін қажетті элемент. Ойланып көрейікші, жоспар адамның саналы іс-әрекетінің негізі емес пе? Жоспарсыз үй салынбайды, оташы операция жасамайды, жоспарсыз бірде-бір істі елестету қиын, кез келген нәтижесін күтер істе алға қойған мақсат, жоспардың болуы міндетті.Жоспардың 2 түрі, жай және күрделі жоспар болады. Негізінде жоспардың аталған 2 түрі, аналитикалық және синтетикалық жолмен құрылады.Жоспар жасарда да,оқушы сабақ түсіндірерде,тіпті хат жазғанда да әуелі мынаны, сосын ананы айтам деп,жазбаша да, ойша да жоспар құрып жатамыз.Мектеп шығармасы да әдеби тақырыпта жазылған ой қорытындысы емес пе, ал көзқарас, пікіріңді, дәлелдемеңді жоспарсыз, жүйесіз қалай жазуға болады? Сондықтан мектеп оқушысы үшін тіпті қысқа болса да, жоспар құруды міндетті санаймыз.
ХҮІІ.Баяндама көрген- білген , болған оқиғаға негізделіп жазылады. Онда істелген істің жетістігі мен кемшілігі бірдей айтылып, болашаққа жөн сілтенеді. Кейде барды баяндаумен тынылады. Баяндама әңгімемен де , шығармамен де , мақаламен де қоян-қолтық қабысып жатады, шығармашылық баяндамалар естелікке де, көркем шығармаға да ұқсап кетеді.
ХҮІІІ.Күнделік. Күнделік сөзінің мағынасы кең.Мектеп оқушыларының күн сайынғы болатын сабағын, берілген тапсырманы жазып алып, алған бағасын көрсетіп отыратын күнделік бар да, ұқыпты, , мәдениетті адамдардың әрдайым жазып жүретін күнделігі бар. Менің айтарым –осы соңғы күнделік. Күнделіктің бұл түрінде адамның көрген-білген немесе бастан кешкен я болмаса есіне әбден сақтаған оқиғалары жазылады. Көрген-білген дегеннен басқа не болса, соны жаза беруге болады деген ұғым шықпауға тиіс. Күнделікті көбінесе оны жазушы адамның ұмытып қалмайын деген оқиғалары, көргендерінің, естіп-білгендерінің ішіндегі ең бір қызықтылары , басқаларға үлгі өнеге боларлықтары жазылады.Сонда ғана күнделік тартымды да қажетті болады.Күнделікті әр түрлі жазуға болады: тарих үшін, ғылым үшін, керекті жайлар жазылатын күнделіктер болса, онда әр күннің, тіпті әрбір сағаттың ішінде болған оқиғалар толық баяндалып жазылады; адамның өзінің жеке басының өміріндегі кейбір кезеңнің ішінде болған оқиғаларының басты-бастыларын жазатын күнделіктер болады.; ал көркем әдебиетте шығарманың мазмұнына қатысты кезеңдегі бастан кешкендерді жазатын күнделіктер де болады.Жазылатын жайттарды сұрыптап, келістіріп жазуға машықтану керек. Қысқасы, күнделік жазу- шығармашылық өнердің бірі.
ХІХ.Шығармашылық жұмыстың тағы бір түрі—пейзаждық шығарма.
Кез келген көркем шығарма табиғаттың сұлу көрінісімен ұштастырылады. Өйткені адам өмірі табиғатқа тікелей бағынышты. Ал табиғат бай, әрі жомарт. Оның тұла бойы тұнып тұрған сұлулық. Оның көркемдігіне сүйсінбейтін адам жоқ. Сол себепті дарын иелері өз талантын табиғат арқылы ұштап,ұлы туындыларын сол табиғаттан тапқан .Шәкірттерін табиғаттың кереметін кең түсініп, кемел тануға баулуды ұстаз әсте ұмыт қалдырған емес. Ол оқушыларын көрікті жерлерге саяхатқа шығарып, көрген- білгендері,алған әсерлері жайында еркін тақырыпта шығарма жазуға дағдыландырады.Мұны мұғалім алдын ала жоспарлы түрде дайындық жұмыстармен ұштастыра жүргізіледі.
1.Саяхаттың мақсатын анықтау (оқушылардың өз өлкесіне , туған жері мен табиғатына сүйіспеншілік сезімін арттыру )
2.Ақын-жазушылардың табиғат жайлы өлең толғауларын, суреттемелерін,көлемді шығармаларын оқу.
3.Көркем әдебиеттегі пейзаж туралы , оның шығарма оқиғасымен немесе кейіпкердің жай-күйімен , ішкі дүниесімен байланыстылығы жайлы түсінік беру.
Шығарма жазуда ең алдымен тақырып таңдауда үлкен мән бар. Тақырып таңдау туралы американдық оқыту стратегиясы былайша жүргізіледі екен:
1.Кез келген 5 тақырып алынады, тізім жасалады.
----Досың туралы.
----Мектептегі күндер.
----Қызықты кітап.
----Ана туралы ой
----Театрдағы оқиға
Оқушыларда бұл тақырыптар туралы мағлұмат болу керек.
2.Мәлімет бар-жоғын білу үшін қасындағы оқушылардан жұптаса жұмыс жасау әдісімен 1) мәлімет алады 2) сұрақ-жауап әдісін жүргізеді.
3.Мәліметті талқылау болады.
Шарт:
---шығармаға пікір алысу негіз болатын,оның тақырыбын ашатын
материал жинақталу керек;
---мәлімет көптің көңілінен шығатындай,ықылас –ынтасын оятатындай
болуы керек:
---жазатын дәлел, деректері болуы қажет; пікір алысу ұзақ болмауы
тиіс,
белгілі бір уақытты белгілеп алу керек.
4.Бір ғана маңызды тақырыпты таңдау; таңдауда шәкіртке еркіндік беріледі.
Топтастыру әдісі жүргізіледі, яғни оқушы белгілі тақырып бойынша схема жасайды. Мысалы,” Театрдағы оқиға” деген тақырыпты алсақ, оны әрі қарай іс-әрекетіне байланысты жіктеу, бөлшектеу қажет, мысалы:
5.Осы тақырыпшаның бірін таңдау керек. Жұмыс төмендегідей
шартпен жүргізіледі:
---еркін жаза білуің керек;
---ойыңды дұрыс жүйелей білуің;
---өз ойың ,көзқарасың керек;
---дерек, дәлелдемелермен жазуың керек;
---қорытынды шешіміңді жазу керек;
---көңілден шыға білу қажет;
---жазуға мүмкіндігің бар;
Тақырыпты дұрыс таңдау-оқушыға кейде өмір жолын, адамгершілік принципті қабылдауға үйретсе, мұғалім үшін оқушыны түсіне білуіне көмектеспек. Тақырып оқушыларды қызықтырып кейбір сәтте ұжымның өзекті мәселесіне айналып, қоғамдық мәні болып оқушының өзіндік талдау жасауына , кейде артық кету жағдайынан да сақтандыратындай болуы қажет.Шығарма автордың өз позициясын , өзіндік қорытынды пікірін талап етпек. Балалар проблемасын өздері қойып, оны өздері шешуі қажет.Шығарма жазғанда оқушылар үшін шығармашылық атмосфераның болуын ұмытпау керек. Бұндай атмосфера кейде өзінен өзі жасалып жатады, бұл- тақырыптың оқушы жанына жақын болуы, көңілінен шығуы, тақырыпты оқушының қиналмай аша білуі және жазғанда ерекше ықыласпен орындауы.Шығармашылық атмосфера – оқушы үшін жұмыста қызығу мен ынта-ықыласты оятатын стимул,күш, мұғалім ұсынған тақырып туралы ойлану, оны қағазға түсіру,ол үшін раха сезіміне батыратындай жағдай болу ,осылай қалыптасу.Шығармашылық жұмыстар оқушыларға еркін дамуға, ал үлкендер үшін бұл процесті бақылап, бағыттауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |