Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар



бет13/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Әдебиет туралы

ХХ.Реферат жазу
Берілген тақырып бойынша оқушылардың өз бетімен ізденіс арқылы жүргізген теориялық, практикалық жұмысының нәтижесі. Мысалы, ХІ сыныпта “М.Жұмабаевтың символистік поэзияға енгізген жаңашылдығы” тақырыбына реферат жазу үшін оқушы М. Жұмабаев туралы жазылған монографиялық еңбектерді, газет-журнал материалдарын, ақынның шығармаларын жинастырады ,символ туралы ұғымды ашады, сонан соң ақын шығармаларына талдау жасай отырып,символистік ерекшеліктеріне тоқталады.
ХХІ.Шығармашылық жұмыстың келесі түрі, әрі күрделісі –курстық
жұмыс.
Курстық жұмыс жазуда ең алдымен зерттеу мәселесінің теориялық білімінің жоғары деңгейін білдіру керек, оның әдістанымы мен ғылыми әдістемесін жақсы білу дұрыс, екіншіден, тақырыптың өзектілігін аша білу керек, оның теориялық және практикалық маңызын , өз бетімен әдебиеттерді таңдап алып, оларға толық талдау жасай білу керек, озат педагогикалық тәжірибені қорытындылай білген жөн, үшіншіден , курстық жұмысты жазуға дұрыс дайындалу керек.
Курс жұмысының тақырыбы ғылыми, практикалық маңызы жағынан аталып, жүйелі талданған тілдік деректер негізінде сипатталады. Курстық жұмыс жазу студенттердің білімін кеңейтеді, олардың ғылыми жұмысқа деген ынта –ықыласын туғызып, оны жазудың әдіс-тәсілдерін игеруге дағдыландырады. Курстық жұмыс ғылыми-зерттеу жолындағы палап- талпынысының алғашқы көрінісі болумен бірге, диплом жұмысын жазуға дайындық болып та табылады.
Курстық жұмысты жазу кезеңдері:

  1. -тақырыпты белгілеу және зерттеу жоспарын құрастыру;

-курстық жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысу;
-мұғалімдердің озат тәжірибесін зерттеу және оқыту;
-тәжірибе –эксперитентальдық жұмысты тізу;
-талдау қорытынды жасау;
-курстық жұмысты дайындау;
Ғылыми –зерттеу жұмысының барысында әдістанымдық ұғымдарды нақтылап алған дұрыс: мәселе, тақырып, өзектілігі, зерттеу обьектісі, заты, мақсат-міндеттері, болжамы, тәжірибелік маңызы.
Мәселе (проблема). Зерттеу негізі мәселені белгілеуден басталады.Зерттеуші мына сұраққа жауап іздеуі керек. Тақырыпқа байланысты шешілмеген , толық қарастырылмаған мәселелерді іріктеп алып, олардың тұжырымды заңдылықтарын байланыстырып, факторлық және жаңа белгілерін анықтайды.
Тақырып. Негізгі мәселені зерттеу тақырыбында көрсетілу тиіс. Жаңа мен ескі білімнің байланысы көрінуі керек. Тақырыптың өзектілігі 2 бағытта болады: практикалыққажеттілігіне сәйкес болу және ғылымның жетіспейтіндігін толықтыру .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет