Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар



бет9/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Әдебиет туралы

ХІІ. Аннотация - көркем шығармаға қысқашы тұжырымдама жасау . Басты мақсат- кітаптың не туралы жазылғанынан хабар беру, оқырмандарды қызықтыру.
Аннотация жазғызу үшін мынандай үлгіні пайдалануға болады:
1. Кітаптың авторы, аты.
2. Ол туралы басқа да мәліметтер.
3. Қысқаша тұжырымдама.
4. Кітапқа баға , пікір беру.
5. Ұсыныстар.
Шығарма аннотацияны сыныптан тыс оқып жүрген шығармаларына жазғызу тиімді. Аннотация сол көркем шығарманы, еске сақтауда да пайдалы болып келеді. Ескерту: Аннотация рецензия-талдау емес. Оның мақсаты көркем туындыда не айтылады, соны түсіне білу екенін ұмытпаған жөн.
ХІІІ.Әдебиет сабағындағы шығармашылық жұмыстың тағы бір түрі-көркем мәтінді инсценировкаға айналдырып жаздыру.Жұмыстың бұл түріне жаттықтыру үстінде де оқушылардың назары мәтіндегі автор сөзі мен төл сөздерге , диалогтарға , қаратпа сөздер мен сөйлемнің түрлеріне аударылады.Мәселен, И.А Крыловтың “Шегіртке мен құмырсқа” мысалына жазған инсценировкаға үңіліп көрейік:
Қақаған қыстың алғашқы сәті. Айналаны тұтас жапқан аппақ қардың бетінде шөптің басы қылтияды.Осы айдалада бүрсеңдей жортып шегіртке жүр.Сабандағы жылы илеуінде жинаған азығы (дәні) мол, тамағы тоқ құмырсқаны кездестіреді. Шегіртке жығыла –сүріне келе құмырсқаның аяғына бас иеді. Жыламсырап, жалынышты дауыспен :
--Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра- дейді.
Аяғына жығылып, жылап тұрған шегірткеге құмырсқа:
--Мұның, жаным , сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа ,
Ала жаздай қылмап па ең?
Шегіртке өзінің құмырсқадай еңбекқор, шаруашыл еместігін мойындай , бәсең дауыспен :
--Мен өзіңдей шаруашыл
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Құмырсқа кекесінді дауыспен :
--Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші ,әнші есіл ер,
Ала жаздай ән салсаң ,
Селкілде де билей бер!
Осы жұмыстан кейін мәтінді инсценировкаға айналдырады.
І көрініс: Жаз. Көгал, айнала өскен қалың шөп, соларды аралап
секіріп, билеп, ән салып жүрген шегіртке .
ІІ көрініс: Алдындағы сурет өзгеріп, жер беті сарғыш тартқан.
Тоңып, жүдеп тұрған шегіртке.

Инсценировка жасатып үйрету арқылы көркем мәтіннің жанрлық ерекшелігін таниды, шығарманың мазмұндық-идеялық мәнін ашады, тіл сабағынан алған білімін тәжірибемен ұштастырады. Инсценировканың бір артықшылығы- оқушыларды оқиғаға араластырады.Оқиға желісін жеңіл ұғынуына, суреттерді көз алдына нақты елестетуіне көмектеседі, шығарманың композициялық құрсауын, кейбір штрихтарын анықтауына мүмкіндік тудырады.Жекелеген образдарды ашуда да инсценировка жасаудың тиімділігі зор. Образды ойлаудың және оны дамытудың тиімді жолы- әдеби сценарий құру.


Бұл жұмыс балалардың түйсіну, тану сезіміне ғана әсер етіп қоймай, шығарманың ең нәрлі, күрделі бөлшектерінен монтаж жасауға үйретеді.Осындай шығармашылық жұмыстарға машықтанған адамға жоғарыдағы істермен сценарий бойынша еңбек ету онша қиын емес. Осыдан келіп киносценарийлер жасатуға мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет