Felіs manul жыртқыштар отряды ның мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата18.01.2017
өлшемі1,72 Mb.
#2168
1   2   3   4   5   6   7   8

СЫРДАРИЯ  АРТЕЗИАН  АЛАБЫ  –  Сырдария 

өз. алабындағы артезиандық сулы өңір. Қызылорда, 

Оңт.  Қазақстан  облыстарын  түгел,  Өзбекстанның 

біраз бөлігін қамтиды. Ауд. 200 мың км

2

. Алап оңт.-



шығысында  Шатқал-Құрама  тауларымен,  солт.-

шығысында  Қаратаумен,  оңт.-батысында  Нұра- 

тау,  солт.  мен  батысында  Арал  т-мен  шектелген. 

Арынды  артезианды  жер  асты  суы  палеоген  және 

бор  жүйелерінің  құмтасты,  құмды  шөгінділер 

қойнауында  қалыптасқан.  Сулы  қабаттардың  жал-

пы  қалыңд.  алаптың  шетінде  100  –  150  м,  орта 

шенінде 500 – 700 м. Су ағыны шығыстан батысқа 

беттеген. 1000 – 1200 м тереңдікке дейін бұрғылан-

ған ұңғымалардан арыны күшті су жер бетінен 10 –  

30 м-ге шапшып көтеріледі. Тәуліктік өнімі 2500 –  

4000 м


3

, минералд. 1 г/л-дей, тек Арал т. маңында 

1,5 – 3 г/л. Су қоры 600 млрд. м

3

, қолданбалы ре-



сурсы 1,5 млрд. м

3

 (12 – 15%) шамасында. Алаптың 



ортаңғы  бөлігінде  жоғ.  темп-ралы  (80ºС-қа  дейін) 

және  минералды  сулар  бар.  Олар  шипалы  су  ре-

тінде Сарыағаш санаторийінде, Манкент, Түркістан 

қ-лары маңында пайдаланылуда.



СЫРДАРИЯ  АуДАНЫ  –  Қызылорда  обл-ның  орт. 

бөлігінде  орналасқан  әкімш.-аумақтық  бөлініс.  Жер 

аум. 43,7 мың км

2

. Тұрғыны 39,7 мың адам, орташа 



тығызд. 1 км

2

-ге 0,9 адамнан келеді (2010). Халық не-



гізінен Сырдария аңғарын бойлай қоныстанған. Аудан 

аум-ндағы 16 елді мекен бір кенттік және 14 ауылдық 

округке біріктірілген. Әкімш. орт. – Тереңөзек кенті. 

Ірі  елді  мекендері:  Тереңөзек,  Шаған,  Қоғалыкөл, 

Ақжарма,  Амангелді,  Шіркейлі,  т.б.  С.  а.  1938  ж. 

құрылған. 1967 ж. Сырдария, Шиелі аудандары не-

гізінде жаңа С. а. бөлініп шықты. 1997 ж. облыста 

әкімш. аумақтарды оңтайландыру саясатына байла-

нысты  Сырдария  және  Тереңөзек  аудандары  негі-

зінде қазіргі С. а. құрылды. Аудан аумағы толығы-

мен Тұран ойпатында жатыр, сондықтан жер бедері 

жазық  болып  келеді.  Ауданның  солт.  мен  оңт.  бө-

ліктерінде ғана бірнеше шағын қырат, аласа таулар 

мен құмды төбелер бар. Солт-нде Арысқұм құмды 

алқабы, батыстан  шығысқа  қарай  құмды-саздақты 

Дариялық  тақыр  жазығы  жатыр.  Бұлар  ауданның 

солт.  бөлігін  (Сырдарияның  оң  жағалық  аңғарын) 

құрайды.  Ауданның  оңт.  бөлігі  Сырдарияның  сол  

жағалық  аңғарынан  тұрады.  Бұл  өңірде  Сыр- 

дарияның жайылмасы, Заңғартөбе (134 м), Көксең- 

гір  (171  м)  таулары,  одан  әрі  құмды-төбелі  Қы- 


546

зылқұм құмды алқабы орналасқан. Аудан солт-тен 

оңт-ке  қарай  360  км-ге,  батыстан  шығысқа  қарай 

210  км-ге  созылып  жатыр.  Құм  төбелер  мен  тө-

белі-белесті  аудан  өңірінде  мал  жайылымына  қо-

лайлы  көптеген  қоныстар  (Іңкәрдария,  Айдарлы, 

Қараойсор, т.б.), қыстаулар мен құдықтар (Көшеген, 

Тасқұдық,  Табаққабыл,  Айдарлы,  Қараойсор,  т.б.) 

орналасқан. Ауданның ең биік жері Бөріойнақ таулы 

жотасында  (233  м).  Жер  қойнауынан  құрылысқа 

қажетті  материалдардың  (құм,  саз,  қиыршықтас, 

т.б.) қоры барланған. Мұнай мен газ кен орындары 

(Ақшабұлақ,  Қоныс,  Бектас,  Арыс,  Ащысай,  т.б.) 

ауданның  солт.  бөлігінде.  С.  а-ның  климаты  тым 

континенттік. Солт-нде қаңтар айының жылдық ор-

таша темп-расы –12ºС, оңт-нде ол –7ºС-ты құрайды. 

Қары аз (қалыңд. 10 – 15 см), оңт-нде (Қызылқұм 

өңірінде) тұрақты қар жамылғысы болмайды. Солт-

нде боранды күндер орта есеппен жылына 17 күнді 

құрайды.  Кейбір  жылдары  қыс  айларындағы  ауа 

темп-расы –36ºС-қа дейін төмендейді. Шілде айы-

ның жылдық орташа темп-расы 26 – 29ºС, кейде ауа 

52ºС-қа дейін, ал Қызылқұм өңіріндегі құм бетінің 

темп-расы  72  –  76ºС-қа  дейін  жетеді.  Жауын-ша-

шын  мөлшері  өте  аз  (110  –  160  мм),  көбі  көктем 

мен  күз  айларында  (92%)  түседі.  Аудан  жерімен 

Сырдария  және  оның  тармақтары  (Шіркейлі, 

Қараөзек,  т.б.)  ағып  өтеді.  Ауданның  солт-нде 

Арыс,  Телікөл  көлдері  жатыр.  Олардан  басқа  осы 

өңірде көптеген сор жерлер (Арыс, Тораңғылтүбек, 

Қараойсор,  т.б.)  кездеседі.  Ауданның  топырақ  жа-

мылғысы  негізінен  сортаңды  сұр,  сор,  құмдақты 

сұр  топырақтан,  Сырдария  жайылымында  шал-

ғынды-сұр топырақтан тұрады. Өсімдік әлемі құм 

төбелер,  қуаң  жерлерінде  сексеуіл,  жыңғыл  то-

ғайлары  аралас  баялыш,  бұйырғын,  тасбұйырғын, 

теріскен, бетеге, көкпек, өзен-көл жағалауларында 

сарсазан, жантақ, қамыс, құрақтан тұрады. Жабайы 

аң-құстардан қасқыр, түлкі, қарсақ, шиебөрі, қоян, 

борсық, кемірушілердің бірнеше түрі кездеседі. С. 

а. негізінен мал ш-на маманданған. С. а. аумағымен 

Орынбор – Ташкент т. ж-ның 40 км бөлігі өтеді. 



СЫРДАРИЯ  ТАСБЕКІРЕСІ  (Pseudoscaphіrhyn- 

chus  fedtschenkoі)  –  бекіретәрізділердің  тасбекі-

ре  туысына  жататын  түрі.  Бұрын  Қазақстанда  тек 

Сырдария  өз-нің  атырабында  тіршілік  еткен.  1950 

жылдары Жаңа Шиелі суғару жүйесінде кездескен. 

Денесінің ұз. 35 см, салм. 450 г-дай. Жалпақ тұм-

сығы  денесінің  ұзындығының  15  –  30%-ын  құ-

райды. Кейбір дарабастарында құйрық сабағы (жіп-

шесі)  болады,  ол  денесінің  ұзындығының  1/3-іне 

тең.  Жыныстық  жағынан  5  –  6  жасында  жетіледі. 

Сәуірдің ортасында диам. 1 – 1,8 мм болатын уыл-

дырығын (850 – 3800) судың тасты түбіне бекіре-

мен  қатар  шашады.  Негізгі  қорегі  су  жәндіктері, 

кейбір  балықтардың  (тыран,  торта)  уылдырығын 

да жейді. Құйрық сабағы болмаса, бекіре шабағына 

ұқсас, одан айырмашылығы – қос қалақты ерні, су 

шашыратқышы  және  мұртшаларының  желбіршегі 

болмайды.  С.  т.  жойылып  бара  жатқан,  өте  сирек 

кездесетін эндемик ретінде Қазақстанның «Қызыл 

кітабына» енгізілген.



СЫРЫМ  АуДАНЫ  –  Батыс  Қазақстан  обл-ның 

шығысында  орналасқан  әкімш.  бөлініс.  Жер  аум. 

11,9 мың км

2

. Тұрғыны 24,7 мың, орташа тығызд. 1 



км

2

-ге 2 адамнан келеді (2010). Аудандағы 38 елді 



мекен  12  ауылдық  әкімш.  округке  біріктірілген. 

Аудан орт. – Жымпиты а. Ірі елді мекендері: Жым- 

питы, Алғабас, Аралтөбе, Бұлдырты, Қоңыр. Аудан- 

ның  жер  бедері  негізінен  жазық,  тек  солт.  және 

солт.-шығыс бөлігі ғана төбелі-қырқалы келген. Ең 

биік жері шығысындағы Былқылдақ а-нан солт-ке 

қарай  орналасқан  (абс.  биікт.  196  м).  Оңт.,  оңт.-

батысқа  қарай  еңістей  береді  де  теңіз  деңгейінен 

13  м  ғана  болады.  Жер  қойнауынан  құрылыс  ма- 

териалдарының қоры барланған. Климаты тым кон- 

тиненттік, қысы ұзақ әрі суық, жазы ыстық. Ауа- 

ның  қаңтар  айындағы  орташа  темп-расы  –14°С, 

шілдеде  23  –  25°С.  Жауын-шашынның  жылдық 

орташа мөлш. 250 – 300 мм. Аудан жерінен Өлеңті, 

Бұлдырты, Шідерті, Жымпиты, Есенаңқаты, Қал- 

дығайты  өзендері  ағып  өтеді.  Есентемір,  Сасық- 

көл,  Жанғабылсор,  т.б.  тұзды  көлдер  бар.  Өзен-

көлдердің  барлығы  дерлік  оңт-тегі  батпақты-сор- 

лы  өңірде  орналасқан.  Солт-нде  қоңыр,  қызғылт 

қоңыр,  оңт-нде  бозғылт  қоңыр,  сор,  өзен  аңғар- 

ларында  шалғынды-батпақты  топырақ  кездеседі. 

Өсімдік жамылғысында боз, бетеге, жусан, кермек, 

көкпек, еркек шөп басым. Жабайы аңдардан қас- 

қыр,  түлкі,  қоян,  борсық,  жабайы  шошқа,  ақ  бө- 

кен,  сарышұнақ,  аламан,  құстардан  бүркіт,  дуа- 

дақ, аққу, үйрек, қаз, т.б. мекендейді. А. ш-на пай- 

даланылатын  жарамды  жер  аум.  457,4  мың  га, 

Сырдария

Аудандағы шабындық

Аудандағы Өлеңті өзені


547

Сілеусін

оның ішінде егістігі 66,6 мың га, шабындық 21,8 

мың га, жайылым 266,8 мың га (2008). 

СЫРЫМБЕТ  ДАЛАСЫ  –  Көкшетау  қыратының  

солт.-батыс  жағындағы  үстіртті  жазық  өңір.  Теңіз 

деңгейінен 330 – 380 м биіктікте орналасқан. Әкім- 

шілік  жағынан  Солт.  Қазақстан  обл-ндағы  Айыр- 

тау ауд-ның құрамына кіреді. С. д-нда кішігірім көл-

дер  (Құмдыкөл,  Ақбас,  Саумалкөл)  көп.  Климаты 

тым  континенттік;  шілденің  орташа  темп-расы 

19°С,  қаңтарда  –18°С.  Жылдық  жауын-шашын 

мөлшері  300  мм.  Геол.  жағынан  неогендік  шөгін-

ділер  басым  тараған.  Аумағы  далалық  белдемге 

жататындықтан,  оның  күлгіндеу  қара  топырағын- 

да  дала  табиғатына  бейім  өсімдіктер  өседі,  кей  

жерлерінде  қайың  мен  қарағай  аралас  шоқ  орман 

кездеседі.  Жері  түгелдей  дерлік  игерілген.  С.  д.  –  

ұлы  ғалым  Ш.Уәлихановтың  өмірімен  байланыс-

ты  тарихи  жерлердің  бірі.  Ақан  сері  бұл  өңірге 

арнап  өзінің  «Сырымбет»  әнін  шығарды,  Біржан 

сал мен Жаяу Мұса табиғаты әсем С. д. жайлы ән 

шырқаған.

СІЛЕТІ  –  Ертіс  алабындағы  өзен.  Ақмола  обл. 

Шортанды  ауд.  Елизаветинка  а-ның  маңындағы 

жылғалардан басталып, Солт. Қазақстан обл-ндағы 

Сілетітеңіз көліне құяды. Ұз. 407 км. Су жиналатын 

алабы 18500 км

2

. Аңғарының ені 500 – 700 м, кей 



жерінде 1,5 – 2 км. Арнасы тік жарлы (3,5 – 4 м), 

ені  40  –  50  м,  кейде  120  –  500  м.  Жауын-шашын 

суымен  толығады.  Жылдық  орташа  су  ағымы  5,4 

м

3



/с. Ірі салалары: Қоянды, Ақжар, Жартас, Кедей, 

Шолаққарасу,  Шилі.  Сағасынан  133  км  жерден 

Сілеті бөгені салынған.  

СІЛЕТІТЕҢІЗ – Ертіс алабындағы тұзды көл. Солт. 

Қазақстан  обл-ның  Уәлиханов  ауд.  жерінде  орна-

ласқан.  Көл  шарасы  теңіз  деңгейінен  64,7  м  биік- 

тікте  жатыр.  Аум.  777  км

2

,  ұз.  64,7  км,  енді  жері 



22,1  км,  жағалау  бойының  ұз.  273,6  км.  орташа 

тереңд.  2  м  (ең  терең  жері  3,2  м),  су  мөлш.  1,5  

млрд. м

3

, су жиналатын алабы 23400 км



2

. Түбі лай-

лы тұнба (0,3 – 0,7 м). Жағалауы шағын шығанақты 

және түбекті келеді; батыс және оңт. жағалауы ала-

са, солт., шығыс жағалауы тік жарлы. Көлге Сілеті, 

Жолақсай,  т.б.  19  өзен,  жылға  құяды.  Алабы  егіс-

тікке  пайдаланылады,  қалған  жері  жусанды-бете-

гелі жайылым. 

Ертіс алабындағы Сілеті өзені

СІЛЕуСІН  (Lynx  lynx)  –  мысықтәрізділер  тұ-

қымдасына  жататын  аң.  Дене  тұрқы  84  –  104  см, 

салм.  13,5  –  23,2  кг.    Құйрығы  шолақ,  құлақтары 

ұзын,  ұшы  үшкір,  аздаған  шашағы  бар.  Түгі  қа-

лың әрі ұзын. Арқасы, екі бүйірі ала дақты болады. 

Қазақстанда 3 түр тармағы: е у р о п а  С-і (L. l. lynx) –  

республиканың солт. және оңт. облыстарында, а л -

т а й   С-і  (L.l.  Wardі)  –  Шығыс  Қазақстан  обл-нда 

және Т ү р к і с т а н  С-і (L. l. Іsabellіnus) кездеседі. 

Бұлардың ішінде өте сирек кездесетіні – соңғысы. 

Ол Тянь-Шань, Өгем, Талас, Іле, Күнгей, Теріскей 

Алатауларында қоныстанған. Таулы, орманды жер-

лерді мекендейді. Бір жерде тұрақты тіршілік ете- 

ді,  кейде  тамақ  іздеп  орын  ауыстыруы  мүмкін. 

Азығын іздеуге ымырт түсе шығады, жемін тосын-

нан  шабуыл  жасап  аулайды.  Қоян,  еліктің  лағы, 

суыр,  кеміргіштер  және  құстармен  (құр,  кекілік) 

қоректенеді.  Жыныстық  жағынан  екі  жасында  

жетіледі.  Апаны  бұта  арасында,  құлаған  ағаш  ас- 

тында болады. Ақпан – наурыз айларында ұйығып, 

67  –  74  күннен  кейін  мамыр  айында  балалай-

ды  (2  –  3-тен).  Түркістан  С-ін  1976  жылдан  бері 

атуға  тыйым  салынған.  Ол  Ақсу-Жабағылы,  Ал- 

маты  қорықтарында,  Алматы,  Лепсі,  Тоқты  қо- 

рықшаларында  қорғалады.  Қазақстанның  «Қызыл 

кітабына» енгізілген. 

Сілетітеңіз көлінің жағалауы

Сілеусін


548

ТАБАҚКЕҢТАТЫР – Балқаш көлінің солт-ндегі 

Тоқырау өз. мен Қалмақемел, Түлкілі шоқылы тау-

лары аралығында жатқан жазық аңғар. Қарағанды 

обл.  Ақтоғай  ауд.  жерінде  орналасқан.  Солт-тен 

оңт-ке қарай 110 км-ге созылған, енді жері 80 – 85 

км, теңіз деңгейінен ең биік жері 884 м (Елтайқоры 

тауы). Ауд. 10,8 мың км

2

. Жер бедері негізінен жа-



зық, кейбір жерлерінде ұсақ шоқылы таулар (Үлкен 

Табаққалған, Қазық, Көкбайтал, Итмұрынды, т.б.) 

кездеседі. Көктемгі қар, жауын-шашыннан шағын 

өзендер (Еспе, Ащыөзек, Тоқырау, т.б.) пайда бо-

лады.  Құнарсыз  келген  сортаңды  қиыршықтасты 

сұр топырағында шөлге тән баялыш, теріскен, бұ-

йырғын, қара жусан, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі.

ТАБАН  (Carassіus  gіbelіo)  –  тұқы  тұқымдасына 

жататын  балық.  Т.  өзімен  аттас  туысқа  жататын 

екі түрдің бірі (бұрын C. auratus түрінің түр тар-

мағы C. auratus gіbelіo деп аталды); екінші түрі –  



мөңке.  Республиканың  барлық  табиғи  су  алапта-

рында,  әсіресе,  Солт.  Қазақстан  обл-ның  көлде-

рінде  кең  тараған.  Балқаш  –  Алакөл  су  алабына 

жерсіндірілген. Әдетте ағысы жай және нулы су-

ларда  тіршілік  етеді.  Балықтың  ұз.  41  см,  салм. 

3,2  кг.  Т-ның  бір  ерекшелігі  –  гиногенетик.  жол-

мен көбейе алады, яғни популяциялары негізінен 

тек  аналықтардан  тұрады  (сирек  аналықтары  да, 

аталықтары  да  болады).  Сондықтан  Т.  артына 

тұқым  қалдыру  кезінде  басқа  түрлердің  аталық-

тары  (мөңке,  сазан,  тұқы,  оңғақ,  торта)  олардың 

уылдырықтарына  шоғалын  құйып,  ұрықтың  да-

муына себепші болады. Жыныстық жағынан 2 – 4 

жасында жетіледі. Уылдырығын шілденің соңы –  

тамыздың басында (жасы, көлеміне қарай 383 мың- 

дай), су темп-расы 14ºС болғанда, судың таяз, шө- 

бі  қалың  жерлеріне  салады.  Т.  балықтар  қорек 

талғамайды,  зоопланктон,  зообентос,  өлексемен 

(детритпент)  қоректене  береді.  Кәсіптік  маңызы 

бар балық, қақталған, тұздалған, ысталған, жас тү-

рінде тағамға пайдаланылады. 

ТАБЫЛҒАТЫ, Т а б ы л ғ ы т ы  – Күнгей Алата- 

уының  шығыс  сілеміндегі  асу.  Қазақстан  (Райым- 

бек ауд. аум-нда) мен Қырғызстанның шекарасында. 

Абс. биікт. 2914 м. Солт. етегінен Үлкен Талдыбұлақ, 

Кеңсу өзендері бастау алады. Батысында Кеңсу, шы-

ғысында Тұқымбұлақ асулары орналасқан. Күнгей 

Алатаудың солт-ндегі Жалаңаш, Тоғызбұлақ а-дары 

арқылы  Қырғызстандағы  Ыстықкөл  қазаншұңқы- 

рына қарай соқпақ жол өтеді.

ТАЙБАҒАР уРАН-ТОРИЙ КЕНІ, Оңт. Маңғыстау 

ойысындағы Қарақия шоқысының оңт.-шығыс қана-

тындағы Мел кен орнынан 70 км жерде орналасқан. 

1954 ж. ашылған. Кендену процесі пермь кезеңінің 

майкоп  топтамасын  (Р3–3)  құрайтын  «балықты» 

шоғырына  тән.  Кен  шоғыры  оңт.-шығысқа  қарай  

18 – 20 км-ге созылып жатқан ойпаңға жинақталып, 

қалыңд. 0,2 – 1,5 м болатын төрт қабаттан тұрады. 

Олар қалыңд. 2 – 3 м, ал оңт.-шығыс бағытында 7 –  

8  м-ге  дейінгі  кентассыз  саз  қабаттарымен  өзара 

бөлінген. Кен денесі уран сіңген балық сүйектері-

нің қалдықтарынан және темір сульфидтері бар қо-

ңырқай түсті саз қабаттарынан тұрады. Кенденудің 

орналасу  тереңд.  150  –  250  м.  Кентаста  уранның 

мөлш. 0,02-ден 0,08%-ға, Р

2

О



5

 2 – 9%, ал торийдің 

мөлш. 0,1-ден 0,3%-ға дейін жетеді.

ТАЙКЕТКЕН БӨГЕНІ, Атырау обл. Жылыой ауд-

нда Жем өз-нің тармағы – Тайкеткеннің арнасына 

салынған. Жалпы ұз. 12 км, тереңд. 16 м. Суының 

көл. 123 млн. м

3

. Орташа жылдық су ағымы 1,9 м



3

/с, 


ең көп су ағымы (4,11 м

3

/с) көктемде болады. 



ТАЙҚОҢЫР – Ертіс алабындағы көл. Павлодар обл. 

Ақтоғай ауд-ндағы Разумовка а-нан оңт.-шығысқа қа-

рай 16 км жерде, теңіз деңгейінен 87 м биіктікте ор-

наласқан. Аум. 14,9 км

2

, су жиналатын алабы 117 км



2

Ұз. 6,5 км, ең енді жері 3,7 км, жағалау бойының ұз. 



20,2 км. Жағалауы жайпақ, кейбір жерлері жыралар-

мен тілімденген. Көл жауын-шашын, жер асты сула-

рымен толысады. Суы тұзды. Алабы – жайылым.

Табылғаты асуы



Тайқоңыр көлі

Табақкеңтатыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет