Ферменттер. Лиазалар ЖӘне трансферазалар. Лекция жоспары


АҚ–ның декарбоксилазалары



бет2/4
Дата03.10.2023
өлшемі345,61 Kb.
#112799
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Ферменттер Лиаза Трансфер

АҚ–ның декарбоксилазалары – екікомпонентті, Ко пиридоксальфосфат (В6 вит. + Н3РО4).
Бұл ферменттер
  • бактериялар үшін;
  • инфекциялық аурулар мен шіру үрдісінде маңызы зор;
  • АҚ-ның аралық алмасуына қатысады.

  • АҚ-ның декарбоксилдену реак-цияларын (қайтымсыз) катализдейді, реакция өнімібиогенді аминдер (серотонин, гистамин, ГАМҚ).

Триптофанның декарбоксилденуі нәтижесінде серотонин түзіледі:
Триптофан 5-гидрокситриптофан

серотонин СО2


Гистидиннен гистамин түзіледі:
Гистидин гистамин
СО2
Глутамин қышқылынан -амино май қышқылы (ГАМҚ) түзіледі:
Глутамин қ. ГАМҚ
СО2
Аспарагин қышқылы декарбоксилденгенде -аланин түзіледі:
Аспарагин қышқылы -аланин
СО2
2 тобы. Карбангидраза.
Екікомпонентті, Ко-ң құрамында Zn 2+ бар. Көмір қышқылының түзілу және ыдырау (су мен көмір қышқыл газына дейін) реакциясын катализдейді:
Н2О + СО2 Н2СО3
Негізінен эритроциттерде кездеседі, СО2 тіндерден өкпеге тасымалдауға қатысады. Бұл реакцияның бағыты СО2 концентрациясына тәуелді. 1 л қанда 2 г жуық фермент бар.

Трансферазалар


– атом немесе атом топтарын бір қосылыстан екіншісіне тасымалдау реакцияларын катализдейтін ферменттер класы.
Көбі екікомпонентті, жасушалық ферменттер, тасымалдайтын топтарының ерекшелігіне қарай 8 топқа бөлінеді. 4 тобын қарастырамыз:
  • метилтрансферазалар,
  • ацилтрансферазалар,
  • аминотрансферазалар,
  • фосфотрансферазалар.

Метилтрансферазалар


Метилтрансферазалар организмде бір атомды көміртек қалдықтарын (метил, метилен, метин, оксиметил, формил және т.б. топтарын) бір қосылыстан екіншісіне тасымалдау реакцияларын тездетеді. Метилтрансферазалар нуклеин қышқылдары мен белок синтезіне, кейбір АҚ-ның алмасуына қатысады.
Екікомпонентті, Ко – тетрагидрофоль қышқылы (ТГФҚ), құрамында Вс витамині бар.
Жасушаларда фоль қышқылы (Вс витамині) НАДФН2 тәуелді фермент пен С витаминінің қатысуымен, тотықсызданып, тетрагидрофоль қышқылына (ТГФҚ) айналады.
ТГФҚ-ң құрылысы күрделі, 3 бөліктен тұрады:
  • птеридин сақинасы;
  • парааминобензой қышқылы;
  • глутамин қышқылы.

Егер реакция барысында метил (-СН3) тобы тасымалданса, метилдену реакциясы деп аталады. –СН3 доноры - S-аденозилметионин (SAM):
Метилдену реакцияларының
  • этаноламиннен холиннің,
  • норадреналиннен адреналиннің,
  • гуанидинсірке қышқылынан креатиннің,
  • урацилден тиминнің, т.б. түзілуінде маңызы зор.

Мысалы:
ТГФҚ
Этаноламин + 3 Метионин
Холин + 3 Гомоцистеин
ТГФҚ
норадреналин + метионин адреналин + гомоцистеин
НО СН – ОН НО СН – ОН
ТГФҚ
СН2 – NH2 СН2 – NH – СН3
НО НО
норадреналин адреналин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет