Ферменттер. Лиазалар ЖӘне трансферазалар. Лекция жоспары


Аспартатаминотрансфераза (АсАТ)



бет4/4
Дата03.10.2023
өлшемі345,61 Kb.
#112799
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Ферменттер Лиаза Трансфер

2. Аспартатаминотрансфераза (АсАТ) аспарагин қышқылы мен α –кетоглутар қышқылы арасындағы қайта аминдену реакциясын катализдеп, реакция нәтижесінде глутамин қышқылы мен қымыздықсірке қышқылы түзіледі:
аспарагин қ. + α-КГ глу. + ҚСҚ
аспартат α-КГ
Глутамат ҚСҚ

Фосфотрансферазалар (киназалар)


– фосфор қышқылының қалдығын бір қосылыстан екінші бір қосылысқа тасымалдау реакциясын катализдейтін ферменттер тобы.


Олар:
  • бір компонентті;
  • көпшілігінің төртіншілік құрылымы бар (бірнеше суббірліктен тұрады);
  • аллостерикалық орталығы бар (зат алмасуда лимиттеуші роль атқарады);
  • aктивтенуі үшін магний ионы (Mg2+) қажет.

Белгілі бір затқа фосфор қышқылын қосу фосфорлану деп аталады. Бұл реакцияларда субстраттың құрылымы өзгеріп, ол активтенеді де, реакцияға түсуге қабілеттілігі артады, сондықтан фосфотрансферазаларды киназалар деп те атайды. Ферментті атағанда субстраттың атына киназа жалғанады.
Фосфор қышқылының қалдығы макроэргиялық байланысты () сақтап тасымалданса, реакция – қайтымды; байланыс сақталмаса – қайтымсыз.
Киназалар катализдейтін реакцияларда фосфор қышқылының доноры:

  • АТФ;
  • жоғары энергетикалық субстраттар.

1. Фосфор қышқылының доноры – АТФ:


а) қайтымсыз реакциялар:
1.гексокиназалар (көптеген жасушаларда кездеседі, бауырда – глюкокиназа), көмірсулар алмасуында маңызды, гексозалардың фосфорлануын катализдейді:
глюкоза + АТФ глюкоза + АДФ
2. Протеинкиназалар жасушада активсіз күйде болады, активтенген кезде белоктарды (ферменттерді) фосфорлайды:
3.Глицеролкиназа глицериннің фосфорлану реакциясын катализдейді:
Глицерин глицерофосфат
АТФ АДФ
Б. қайтымды реакциялар:
1.креатинкиназа креатинфосфаттың түзілу реакциясын катализдейді, АТФ те, креатинфосфат та жоғары энергетикалық қосылыс болғандықтан, реакция қайтымды.
АТФ мөлшері жеткілікті болғанда, тура реакция, ал аз болғанда, кері реакция жүреді:
АТФ АДФ
Креатин Креатинфосфат
АТФ АДФ
Бұл реакцияның бұлшық ет жиырылуының химизмінде АТФ ресинтезінде маңызы зор.
2. аденилаткиназа:

2. Фосфор қышқылының доноры – жоғары энергетикалық фосфатты қосылыстар.


Бұл реакциялар субстраттан фосфорлану деп аталады. Бұл жағдайда фермент реакция өніміне киназа сөзі жалғануы арқылы аталады.
а) пируваткиназа:
АДФ АТФ
фосфоенолпируват пируват
б) фосфоглицераткиназа:
1,3-дифосфоглицерат 3-фосфоглицерат
О
АДФ
АТФ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет