Ферменттер тіршілік негізі



бет1/8
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111842
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Физика және химия кафедрасы. Пән. Биологиялық химия Дәріс тақырыбы: Ферменттер.

Ферменттер – тіршілік негізі

Жоспары:

  • Фермент туралы жалпы түсінік
  • Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы
  • Ферменттер атаулары мен жіктемесі
  • Ферменттердің әсер ету теориясы
  • Ферменттік реакциялардың кинетикасы
  • Ферменттер қасиеттері
  • Иммобилденген ферменттер
  • Ферменттердің практикалық маңызы

Ферменттер (латынша fermentum- ашу немесе enzym, en-ішкі, zyme-ашытқы) тірі ағзада түрлі биохимиялық реакцияларды белсендіруші, биологиялық катализатор.

  • Ферменттер (латынша fermentum- ашу немесе enzym, en-ішкі, zyme-ашытқы) тірі ағзада түрлі биохимиялық реакцияларды белсендіруші, биологиялық катализатор.
  • Ферменттер химиялық табиғаты жағынан ақуыз, протеиндер-ақуыз, ақуызды емес простетикалық топпен байланысқан жоғары молекулалы қосылыс.
  • Алғашқы кристалл фермент уреазаны
  • 1926 ж американдық биохимик Д.Самнер алған.

Ферменттің құрылысы

  • Апофермент – ақуыз денесі (ақуыздық бөлігі)
  • Каталитикалық орталық
  • Субстраттық орталық
  • Ақуыздың активті бөлігі
  • Аллостериялық (реттегіш) орталық

Ферменттің белсенді орталығы

  • Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп аталады;
  • Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа металл иондары мен коферменттер де кіреді.
  • Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары:
  • цистеин,құрамында сульфгидрлік тобы –SH бар;
  • серин, гидроксильдік -OH тобы бар;
  • гистидин, имидазол сақинасы бар;
  • аспарагин мен глутамин қышқылдары құрамында екінші карбоксильдік -COOH топ бар;
  • триптофан, құрамында индол сақинасы;
  • гидрофобты амин қышқылдары, олардың құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады.
  • Активті орталық кеңістік пішінді, ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет