2.Ш.Құдайбердіұлының « Мұсылмандық шарты» еңбегі
Шәкәрімнің исламиятқа қатынасы оның өлеңдері мен философиялық лирикаларында, әсіресе, оның «Үш анық» деп аталатын философиялық аңсарында (трактатында) өзіндік көрінісін тапқан. Яғни Шәкәрімнің діні де Мұхтар Әуезовтің Абай жайындағы тезистерінде айтқанындай, сыншыл ақылдың шартты діні болып шығады. Шәкәрім – материалистік дүниетаным мен идеалистік дүниетанымның өткен, кеткен тарихынан мол хабардар, әрі осы екі танымның мән – мағынасына өзіндік сыншылдық көзқараспен қарай білген үлкен аумақтағы қайталанбас ойшыл тұлғадағы ақын. Жұртшылық Шәкәрімді Абайдың ақындық мектебінің бас ақыны деп жайдан – жай айтып жүрмеген тәрізді. Өйткені Абай салған озық ақындық дәстүрді бар салада жалғастырып, оның кейбір өзекті буындарын жаңарта дамытып жалғастыруымен де ерекшеленеді. Мысал ретінде айтар болсақ, Абайдың өлең уәзінің, композиторлық өнерін, адамгершілік мұраттарын, шежіре-тарих жайлы ой толғаныстарын, тіпті Абай ғақылиясы деп саналатын 38 қара сөзіндегі мораль философиясы мен жәуанмәртлік төркіндерін немесе т.б. күрделі ой төркіндерін өз шығармаларында жан – жақты терең бойлай дамытуы жағынан шәкірт ақындар арасында онымен қатарласа алуы да қиын.
Абайдың аса күрделі мәселелерге құрылған 38 қара сөзіндегі ахлақ мәселесі мен иман, имандылық жайындағы ой – толғаныстарын Шәкәрім поэзиясы мен «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» деп аталатын қазіргі жас ұрпаққа беймәлім шығармаларында өзіндік таныммен жалғастырыла дамытылған дәстүрлік құбылысқа да кезігеміз. Мәселе бұлардың өте күрделі де нәзік түpдe бай ланысқан apa жігін дәл танып ажырата білуде жатыр. Өйткені кейбір ғылыми зерттеулердің өзінде Шәкәрімнің «Мұсылмандық шартын» (Орынбор, 1911) aв- тордың дүниетанымының өзектi белгісі ретінде қарап бағалайтыны бар. Бұл, әрине жаңылыс қадам, болмас жарқылға алданып тepіc кету ғана. Мұндай жаңылыс қадамға ұрынбау үшін, «Мұсылмандық шарттың» жазылу себебін, оның жазылуына түрткі болған coл замандағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың түп төркіндері мен кейбір орын алған астарлы мәні бар рухани құбылыстардың, болмысына жіті назар аудармақ керек. Меніңше, осы мәселенің екi түрлі қырына айрықша көңіл аудару қажет сияқты: Біріншіден, Ресей патшалығы отарланған қазақ халқын қанды шеңгелінен шығармау мақсатымен үш түрлі қанды қақпанға құрылған түбірлі саясат ұстанған. Олары: қазақ жеріне келімсектерді қоныстандыру тәсілімен қазақ жерін тартып алып түпкілікті меңгеру; өздерінің рухани сағын сындыру үшін, христиан дініне шоқындыру арқылы орыстандыру; ең қауіпті нәрсе – қазақтардың ұлттық санасын оятпау, азаматтық сезімін өшіріп, рухани құлдыққа таңудың тапсырмас құралы территориялық принципке негізделген болыстық сатылы сайлау жүйесін орнықтыру арқылы рушылдықтың отына май құйып, өздерімен-өздерін жауластырып қоюдан басқа ешнәрсе де емес – тұғын.
19 ғасырдағы қазақ зиялылары бұл сұмдық құбылыстың зардабын сезініп, өздерінің ішкі қарсылықтарын өз шығармаларында көрсетті. Ал 1905 жылғы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясының тікелей ықпалымен ұлттық сана-сезімі жағынан жаппай оянған қазақтың білімді адамдары тіпті тікелей қарсылық танытты. Бұл құбылыстың бір көрінісі Ресей империясының қазақ еліне идеологиялық үстемдігі болып табылады, мұны оның астыртын жүргізген миссионерлік саясатына қарсылық көрсетудің кейбір айқын көріністерімен түсіндіруге болады. Осы тұрғыдан алғанда қазақ ағартушылары мен Ы.Алтынсариннің «Шариат-ул-ислам» кітабы мен одан кейін туған Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» бір аңғардан соққан желдің бағытын ұстанғаны сезіледі. Немесе 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы жазушылар шығармашылығында белгілі бір саяси-әлеуметтік ағымдардың пайда болуына жүйелі миссионерлік саясаттың нәтижесінде туындаған құбылыс себеп болды. Олар уды улану арқылы қайтаруға болатыны туралы белгілі күрес әдісін ұстанатын сияқты. 1905 жылдан кейін басталған Алаш қозғалысы кейінгі күн тәртібіне діни рәсімдерді енгізді. Бірақ бір қызығы, бұл құбылысты барлық көрнекті жазушылар өз шығармаларында, керісінше, дінді өткір сынау мақсаты мен миссионерлік саясатқа қарсы жалпы күрестің жиынтығы ретінде қарастырмайынша түсіну қиын. Шәкәрімнің «Ислам шартының» жазбаша себебін жоғарыда айтылған саяси-әлеуметтік жағдайлармен бірге ескергенде ғана автордың бұл ниетін түсіне аламыз. Бұл кітапты жазу себебім, автор, бір жағынан; «...Оқығандарың кітаптан, оқымағандарың молдадан естіген шығар.Олай болса, ана тілінде кітап болмаған соң, біздің қазақ халқымыз, кітаптан естіген болар деп ойлаймын. Арабша, парсыша кітаптарды былай қойғанда, ноғай тілінде жазылған кітаптарды түсінбеймін.Сондықтан шамам келгенше иман мен ғибадат туралы қазақ тілінде жазамын деп ойладым.Бұл кітап барлығына жеңіл болар деп үміттендім.-Қазақша оқуға және сол олар үшін пайдалы болады, мен сауап аламын» («Мұсылмандық шарт», «Орынбор», 1911, 1-бет.) – деп жиналғандарға иман – ғибадаттың мағынасын қазақ тілінде дұрыс түсіну керектігін айтты.
Aвтордың бұл мақсатын жалаң түсінер болсақ, ол діншілік ұғымның шеңберінде қалған кәнігі исламияттағы догмалық танымның өзі болып шығады. Бірақ оның шығармаларындағы өзіндік қайталанбас сыншыл ақыл тезіне салудың келіп қалыптасқан дүниетанымы исламияттың шеңберіне сыймайды. Сыншылдық тегеуріні қуатты ойшылдықпен ұштасқан ой толғаныстары, тіпті ол шеңберден асып төгіліп жатуы себепті де. «Тау басындағы ой» деген философиялық лирикасында: Бұл күндегі діндердің бәрі нашар, Еш бірі түзу емес көңіл ашар, – деп, Дүние жүзіндегі ірі діндердің бәрімен танысып, өз діні болып отырған исламның өзіне де көңілі көншімей, одан да түзулік таппаған өкініштің ізін көргендей боламыз. Осы себептен де Шәкәрімнің дүниетанымын оның бір ғана «Мұсылмандық шартымен» тұмшалаудың негізі жоқтығын көреміз.
Тарихын ұмытпасақ, жер бетіндегі кез келген елдің эволюциясын көре аламыз. Еліміздің гүлденуі тарихымызды білуден басталады. Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарт» еңбегі қазақ халқының тарихындағы маңызды еңбек екені белгілі. Оның дәлдігі, жазу мәнері, ақпараты мен ғылыми құрылымы Шәкәрімнің басқа шығармаларымен салыстырғанда бай, құнды деректерге толы. Оның «Мұсылмандық шарты» атты еңбегі Ресей империясының отарлау саясатының салдарынан өзіне сенімін жоғалтқан елге қолдау ретінде қарастырылады. Бұл шығарманың жазылуы қазақ халқының игілігі үшін бірнеше саяси рөл атқарған деседі.
Шәкәрімнің «Мұсылмандық келісімі» шығармасы Абай мен Ыбырай шығармасынан мүлде бөлек. Ыбырай өз еңбегінде намаз, дәрет алу туралы, ал Абай мұсылманның сенімі туралы жарлық жазған. «Фиқһ» адамның ішкі дүниесін білдіретін «тасаввуф» ілімін қамтыды.
Шәкәрімнің "Мұсылмандық шарты" еңбегін жазуына себеп болған бірнеше жағдайларды болжай аламыз, олар:
Біріншісі ол –сол кездегі қуғын сүргіннен қажыған халықтың еңсесін көтеру мақсатында жазылған болуы ықтимал.Ресейдің отаршылдық саясатынан шаршаған халықтың еңсесі енді көтерілуі екі талай еді.Ол жайында Мекемтас Мырзахметов: "Ең қауіпті нәрсе - қазақтардың ұлттық санасын оятпау, азаматтық сезімін өшіріп, рухани құлдыққа таңудың таптырмас құралы территориялық принципке негізделген болыстық сатылы сайлау жүйесін орнықтыру арқылы рушылдыктың отына май құйып, өздерімен-өздерін жауластырып қоюдан басқа ешнәрсе де емес тұғын" - деп жазады.
Екінші нұсқа – қазақты дінінен қайтарып, елең еткізіп, ақыры елін жаулап алу. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін Ресей империясы көптеген миссионерлерді жіберді. Оларды қазақ даласына қоныстандырып, қазақ жерін ислам дінінен шығаруға тырысты. Көптеген мұғалімдер Ресейден әкелінді. Олар жастайынан жастардың санасын өзгертумен айналысқан. Осыны байқаған сол кездегі зиялы қауым Ресейдің миссионерлік саясатына қайшы келетін шығармалар жаза бастады. Олардың еңбектерінде қазақ халқының діні ислам екенін көрсететін мәтіндер бар. Сол тұста Мекемтас Мырзахмет: «ХІХ ғасырдағы қазақ зиялылары осынау сұмдық құбылыстың зардабын сезініп, ішкі қарсылықтарын өз шығармаларында көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |